АСТАНА. 27 маусым. Бүгін таңертең 988 адамда коронавирустың жалпы статистикаға кірмейтін симптомпсыз түрі бар екені анықталып, оның жалпы саны 14 548 болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Астана уақытымен 08:20 сағатта толық есебі алынған коронавирус инфекциясының 988 симптомпсыз түрі аймақтар бойынша былайша бөлініске түсті:
Қарағанды облысы – 136, Батыс Қазақстан облысы – 102, Алматы облысы – 89, Шымкент қаласы – 87, Алматы қаласы – 83, Солтүстік Қазақстан облысы – 73, Атырау облысы – 72, Түркістан облысы – 52, Ақмола облысы – 52, Шығыс Қазақстан облысы – 51, Астана қаласы – 50, Жамбыл облысы – 38, Қостанай облысы – 31, Маңғыстау облысы – 29, Ақтөбе облысы – 22, Қызылорда облысы – 13, Павлодар облысы – 8.
Аймақтарда симптомпсыз індеттің эпидемиологиялық ахуалы мынадай:
- Қарағанды облысы – 1975
- Атырау облысы – 1804
- Алматы қаласы – 1495
- Астана қаласы – 1333
- Шымкент қаласы – 1244
- Алматы облысы – 1062
- Батыс Қазақстан облысы – 940
- Түркістан облысы – 703
- Солтүстік Қазақстан облысы – 553
- Жамбыл облысы – 516
- Шығыс Қазақстан облысы – 503
- Ақтөбе облысы – 482
- Ақмола облысы – 480
- Маңғыстау облысы – 457
- Қызылорда облысы – 429
- Қостанай облысы – 368
- Павлодар облысы – 204.
Еске сала кетейік, түнде сағат 23:59-да Қазақстанда симптомды коронавирус инфекциясын жұқтырып алғандар санының 569 болғаны анықталды. Сонымен, олардың жалпы саны 20 319-ға жетті. Осы уақыт аралығында 12 5480 адам сырқатынан жазылып шығып, 150 адам жан тапсырды.
USD




