15 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Севилья» 6-шы рет Еуропа лигасын жеңіп алды (фото, видео)

22 Тамыз 2020 08:09
- Жаңалықтар, Сайыс
«Севилья» 6-шы рет Еуропа лигасын жеңіп алды (фото, видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛИССАБОН. 22 тамыз. Бүгін түнде испанның «Севилья» футбол клубы Еуропа лигасының 2019/2020 жылғы маусымдағы кубогын жеңіп алды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Осымен «Севилья» 14 жылдың ішінде алтыншы мәрте аталмыш олжаға қол жеткізіп отыр. Бұған дейін команда осы Кубокты бес рет – 2006, 2007, 2014, 2015, 2016 жылдары жеңіп алған болатын. Бұл жолы ол өз рекордын арттырып, 6-ға жеткізді. Одан кейінгі орындағы итальянның «Ювентус», «Интер», ағылшынның «Ливерпуль», испанның «Атлетико Мадрид» клубтары 3 реттен табысқа жеткен еді.

«Севилья» биылғы 1/16 финалдық плей-офф ойындарын румынның «Клуж» командасымен 1:1, 0:0 есебімен екі дүркін тең ойнаумен бастады. Ол сырт алаңда соққан бір голының арқасында келесі кезеңге өтті. Испандар 1/8 финалда итальянның «Ромасын» 2:0, 1/4 финалда ағылшынның «Вулверхэмптонын» 1:0, жартылай финалда ағылшынның «Манчестер Юнайтедін» 2:1 есептерімен ұтты.

Онымен финалда ұшырасқан итальянның «Интері» 1/16 финалда болгардың «Лудогорецін» 2:0, 2:1 етіп екі рет жеңіп, 1/8 финалда испанның «Хетафесін» 2:0, 1/4 финалда немістің «Байерін» 2:1, ал жартылай финалда украинның «Шахтерін» 5:0 етіп ұтып келді.

 

Финалдық матч Германияның Кельн қаласында жалау көтерді. Ал ширек финал мен жартылай финал ойындары Португалияның астанасы – Лиссабонда ойналды. Бірақ кездесулердің бәрі жанкүйерсіз өтті. Жалпы, Кубок ойындары індеттің салдарынан наурыз айында тоқтатылып, осы айда ғана қайта жалғастырылды.

«Севилья» – «Интер» арасындағы ақтық сында испандар ойын тізгінін бірден өз қолдарына алды. Бірақ бірінші голды олардың қарсыластары соғып кетті. Ойынның 5-минутында итальяндар қарсы шабуылға шықты. Соның соңында Ромелу Лукаку қақпа алаңына желғыз кірді. Сол кезде қорғаушы Диего Карлос оны арт жағынан аяғынан басып құлатты. Пенальти! Оны зәбір көрген форвардтың өзі қақпаға дәл бағыттады.

Алайда, «Интердің» үстемдігі тым ұзаққа барған жоқ. Матчтың 12-минутында таразы басы теңесті. Сол сәтте қақпа алаңына әуелетіп берілген допты Люк де Йонг баспен ұрып түсірді. Ал 33-минутта Люк де Йонг дубль жасап, өз командасын алға шығарды. Бұл жолы да допты басымен ұрып, қақпа торына гумп еткізді. Дегенмен, арада бір минут еткенде испандар Диего Годиннің голымен тағы да таблодағы есепті тең етті. Сөйтіп, командалар 2:2 деген есеппен үзіліске шықты.

https://youtu.be/svsCRPFiR-o

Матчтың, сонымен бірге Кубоктың тағдыры 74-минутта шешілді. «Севилья» футболшысы Диего Карлос қақпа алаңының ішінде тұрып, шалқалай доп тепті. Оның ұрған добы тіпті қақпа шеңберінен де тыс кетіп бара жатыр еді, бірақ Ромелу Лукаку аяғымен қағамын деп, оны өз қақпасына қарай бұрып жіберді – 2:3! Сөйтіп, қатарынан үш матчта өз қақпасына пенальти белгіленуіне мұрындық болған Диего Карлос бір доптың есесін қайтарып, команданың жалпы турнирде жеңімпаз атануының да басты себепкерлік етті.

Таңбалар: севилья

Ұқсас мақалалар

«Севилья» «Романы» пенальтиден ұтып, Еуропа лигасын жеңіп алды (видео)
Жаңалықтар

«Севилья» «Романы» пенальтиден ұтып, Еуропа лигасын жеңіп алды (видео)

01.06.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

    Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

  • Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist