6 Қыркүйек, 13:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сен отбасыңнан коронавирус шықса қайтер едің?

Оны басқалардан оқшаулап ұстаудың 8 ережесі бар

28 Наурыз 2020 23:33
- Таным
Сен отбасыңнан коронавирус шықса қайтер едің?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

«Плейбой» журналының ресейлік вариантының playboyrussia.com сайты осы туралы төмендегіше әңгімелеп береді:

Егер сенің отбасы мүшелеріңнің, балалардың немесе бір пәтерде бірге тұратын көршілеріңнің арасынан біреуден кенеттен коронавирустың алғашқы белгілері байқала бастаса, бірден үрейленіп, одан басқа қалаға қашып кетудің қажеті жоқ. Біріншіден, оған сенің қолдауың керек, екіншіден, сақтық шараларын дұрыс жасай алсаң, өзіңе ауру жұқтырмайсың, үшіншіден, сен барған қалада да алдыңнан коронавирус шығуы мүмкін.

Жақында Мәскеудің денсаулық сақтау департаменті сырқат жеңіл түрде жүріп жатса, коронавирусты қалай емдеп шығуға болатынын қала тұрғындарына түсіндіріп берді. Ал Covid-19 кеселінің жеңіл симптомына безгек ұстауы, құрғақ жөтел, тамақтың ауруы, қалтырау, шаршаңқылық, мұрыннан су ағу және іш өту жатады. Кеселдің бұдан гөрі ауыр түрінде демікпе (одышка), кеуденің ауруы және пневмония көрініс береді. Мұндай кезде шұғыл «жедел жәрдем» шақыртып, вирус шыққан адамды ауруханаға жатқызғаннан абзалы жоқ. Бұлай болмаған жағдайда саған үйде сол науқас адаммен бірге үйде қалып, одан ауру жұқтырып алмауға тырысуға және сонымен бірге оған қолдан келгенінше жан-жақты қолдау көрсетуге тура келеді. Біз де қазір мұны қалай жасауға болатыны туралы айтып береміз.

1. Сенің мақсатың – үй жағдайында аурудан барынша қашық бола білу

Ең алдымен үрейге берілме. Коронавирустың жеңіл формасымен ауырған адамды үй жағдайында күтуге болады. Ауру жұқтырған адам айналасына инфекцияны тарата алмау үшін сауығып кеткенше үй ішінде өзін өзі оқшауландырып отыруы керек екенін ұмытпауы тиіс.

2. Міндетті түрде бөлек бөлмелерде ұйықтаңдар

Бірге тұрған кездеріңде ауру жұқтырып алған адамның мүмкіндігінше бөлек бөлмеде ұйықтағаны жөн. Бұдан да артық мүмкіндік болып жатса, сырқат кісі өзгелерден бөлек ваннаны пайдалануы тиіс. Бірақ, әрине, мұндай жағдайдың жұрттың бәрінде бола беруі қиын.

Сондай-ақ аурудың үй ішінде өзінің қозғалысын, жүріс-тұрысын шектеуі керек. Сол сияқты өзінің қандай ыдыс-аяқты және заттарды пайдаланатынын анықтап алғаны дұрыс.

Егер жеке бөлме болмаса, ауру адамнан қашық жатуға тырыс.

3. Науқаспен қарым-қатынаста тазалыққа айрықша мән бер

Сырқат адамға тамақ, сусын апарғанда немесе онымен басқалай бір өзара қарым-қатынас кезінде оның медициналық тұмылдырық (маска) кигенін қадағалаңыз. Бұдан бөлек, оған өзің де тұмылдырық киіп бар. Мүмкіндігі болғанынша одан бір-екі метр қашық аралықты ұстап тұр.

Осының бәріне қоса, аурудың ыдыстарын ыстық сумен сабындап жу, сосын антисептик еріндісімен шайып ал. Егер ауру жұқтырған адам өз ыдыстарын өзі жуа алатын болса, ауырған кезінің бәрінде бір ыдыс-аяқтан тамақ ішіп тұрса, тіпті жақсы.

Әрине, вирус жұқтырған адамға әр жолы жақындаған сайын қолыңды жақсылап сабындап тұруды ұмытпа. Мүмкіндігі болғанынша қолды жақсылап жууға тырыс. Атап айтқанда, саусақтардың арасынан білезікке дейінгі аралықты түгел қамтып, кемінде 20 секунд жуын. Қандай бір жағдайда да қолыңды бетіңе тигізбе. Мұны мүлде ұмыт.

4. Ауру симптомдарынан бірге құтылуға тырысыңдар

Бұл үшін коронавирусы бар адам сұйықтықты немесе құрамында электролиттер бар сусындарды көп ішуі керек. Ол оны мұндай жағдайда құрғап кетуден сақтайды.

Рецептісіз берілетін кей дәрілер де коронавирустың әлсіз симптомдарын түсіреді. Мысалы, ыстықты төмендететін Тайленол. Сол сияқты иммундық жүйеге керемет күш беретін С витамині мен цинк жаныңда болсын.

Статистика бойынша адамдардың көпшілігінде коронавирус симптомдары бірнеше күнге созылады, ол бір аптадан кейін өзін жақсы сезінеді.

Алайда, бұл жағдайда өзін өзі оқшаулау мерзімі 14 күнге созылуы тиіс

5. Үйде тазалық сақта

Үйдегі сөрелерді, үстелдің үсті мен арқасын, есік тұтқаларын, терезе жақтауларын және басқа да заттардың жоғары жақтарын антисептикпен (мүмкіндігінше кемінде 60 пайыздық спирты бар) сүртіп тұруды ұмытпа. Сол сияқты кір жуғанда барынша мұқият бол. Егер ауру адамның киімдерін жуу керек болса, оларды қолға бір реттік қолғап киіп, өзіңнен қашықтау ұстауға тырыс. Оның киімдерін басқаларға қоспай, 60 градустық температурамен жуу керек. Жуып болып, қолғапты шешіп тастаған бойда бірден қолыңды жу.

6. Ауру адамның өзін оқшау сезінуіне жол берме

Мұны ол «өзін өзі оқшауландыру» деп қабылдасын. Оларға жирене қарама, сенің өзінен тартынып тұрғаныңды байқамасын. Сол себепті науқаспен арада қашықтық ұстауға тура келгеніне қарамастан, оған қолдау көрсетіп, сөйлесіп тұр. Мұны онымен екі бөлек бөлмеде тұрып жатсаң да ұста. Мұндайда видео байланысқа шығуды да, скайппен сөйлесуді де пайдалануға болады.

7. Науқастың жағдайын мұқият бақылап отыр

Егер аурудың жағдайы айтарлықтай нашарлап кеткенін байқасаң, дем алысы нашарлап, ыстықты түсіретін дәріден көмек болмай жатса, кідірместен дәрігер шақыр. Осы үшін ұдайы оның жағдайын сұрап, өзін қалай сезінетінін біліп тұр.

8. Үрейге берілмеуге тырыс

Коронавирустың симптомы бар адамға күтім жасау, әрине, оңай емес. Ол сені үнемі тығырыққа тіреп тұруы мүмкін. Алайда, үрейге беріліп, жағдайды ушықтыра түспе. Бұл – бүкіл әлемді дүрліктіріп жатқан пандемия. Сол себепті қазір ешкімге де оңай тиіп жатқан жоқ. Осыны жадыңда ұстап. байыпты бола біл.

Коронавирустың дүрлігісі кезінде негативті жаңалықтардың ықпалында кетпей, ұдайы позитивті көңіл күй ұстағаның абзал.

Дмитрий Петросьянц

 

Таңбалар: коронавирус (covid-19)

Ұқсас мақалалар

Қан тобының коронавируспен күресте өз әсері бар екен
Жаңалықтар

Қан тобының коронавируспен күресте өз әсері бар екен

04.03.2021
Ағзадағы ковидті 5 минутта жоятын сусындар табылды
Жаңалықтар

Ағзадағы ковидті 5 минутта жоятын сусындар табылды

15.11.2020
Коронавирус індетін өзгелерден бұрын жеңетін елдің аты аталды
Жаңалықтар

Коронавирус індетін өзгелерден бұрын жеңетін елдің аты аталды

30.10.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist