11 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Roca Group Қызылордадағы зауыт құрылысын қазан айында бастайды

11 Қыркүйек 2026 21:34
- Дәулет, Жаңалықтар
Roca Group Қызылордадағы зауыт құрылысын қазан айында бастайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 қыркүйек. Roca Group компаниясы Қызылордада санитарлық-техникалық өнім шығаратын зауыт құрылысын жүргізуді биылғы қазан айында қолға алады. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Roca Group» компаниясының өкілдерімен кездесіп, осы мәселені талқылады.

Испанияның Roca Group компаниясы – әлемдегі санитарлық-техникалық бұйымдар мен оған қатысты жабдықтарды өндіретін ең ірі өндіріс орындарының бірі.

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының: «Жаңа инвестициялар ең алдымен еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек» деген тапсырмасын орындауда ауқымды жұмыс қолға алынған», – деп жазды бүгін әлеуметтік желіде Нұрлыбек Нәлібаев.

Еске сала кетейік, Үкімет басшысы Олжас Бектенов 2025 жылы маусым айында Roca Group жетекшілерімен кездесіп, инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойылған болатын. Сол уақытта Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі ретінде аталмыш жобаны жүзеге асырудың алғы шарттарын жасауға қатысты.

«Бұл Қызылорда облысын басқарған кезде бастау алған жоба болғандықтан, мен үшін өз саласында озық деп танылған компания бастамасының әр кезеңі маңызды», – деп жазды Нұрлыбек Машбекұлы осыған орай.

Кейінгі кезеңде жоба одан әрі дамыды, компанияның инвестиция көлемі бастапқыда мәлімделген 70 млн еуродан 83 млн еуроға дейін артты.  Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қызылорда облысының әкімдігі және инвестор арасында қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі таңда болашақ зауыттың дизайны мен эскиздік жобасын әзірлеу аяқталды, оны одан әрі жобалау жалғасуда. Сонымен қатар Қызылорда облысында инсталляциялық жүйелер мен араластырғыштарды құрастыру өндірісін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың дана деңгейінде болады деп жоспарланған, сонымен қатар келешекте өндіріс көлемін 1 млн данаға дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Жоба аясында шамамен 300 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарластырылып отыр. Өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіліп, Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Кездесу барысында жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізу, санитарлық-техникалық өнімдер саласындағы нормативтік базаны жетілдіру, Roca өнімдерінің ел аумағында салынып жатқан және жүзеге асыру жоспарланған нысандарда қолданылуын қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Нұрлыбек Нәлібаев зауытты уақтылы іске қосудың және отандық тауар өндірушіге жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға инвесторды сүйемелдеу, мемлекеттік сараптамадан жедел өтуін қамтамасыз етуді және зауыт құрылысын 2026 жылғы қазан айында бастауды тапсырды.

Таңбалар: Roca Group компаниясыҚызылордаНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist