8 Қыркүйек, 21:09
RAST.kz
USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей мен Украина арасында үлкен соғыс болмайды – блогер

13 Сәуір 2021 10:26
- Жаңалықтар, Көзқарас
Ресей мен Украина арасында үлкен соғыс болмайды – блогер
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Белгілі блогер Қуаныш Еділхантегі осылай деп отыр. Оның Facebook әлеуметтік желісінде осы тақырыпта жазған жазбасы бір жағы саяси шолу болып шығыпты. Бұл жазба арқылы аталған екі ел арасындағы қазіргі ахуалды анық аңғаруға болады. Соңғы күндері шынымен Ресейдің украин шекарасына қарай ағылып барып жатқан әскери техникалары түсірілген видеожазбалар желілерде қаптап жүр.

Біз енді Қуаныш Еділхантегінің постысын оқырман назарына сол қалпында ұсынамыз:

«Сонымен… Украина шекарасында не болып жатыр? Ең алдымен айтарым – үлкен соғыс болмайды. Қазір кейбір сарапшылар осылай деп айта бастады.

Александр Кушнарьдың айтуы бойынша үлкен соғыс болуы мүмкін. Ресей бостан-босқа соншама техникасын сүйрелеп, тіпті кейбір хламдарын 1100 км жерден тасымалдап, бар болғаны Зеленскийді қорқытып Медведчукке санкция салуды тоқтаттыру үшін әкелген жоқ. Егер соғыс бастар алдында ақпарат кеңістігінде арт.дайындық жасайын демесең 2014 жылғыдай қол-аяғы керіліп тасталған бала туралы сарнай берудің де мағынасы жоқ. Кремльдің ойлау жүйесі қарапайым. Бұл қорқыту емес, бұл нағыз соғысқа дайындық, мұны Украина дұрыс түсінуі керек дейді Кушнарь.

Оның сөздерін Жириновский де қуаттай түседі. Оның айтуы бойынша алдағы мамыр-маусым айларында үлкен соғыс басталады, Украина тәуелсіздігімен қоштаса берсе де болады. Жириновский мемлекеттік  думаның вице-спикері, лауазымды тұлға, яғни ол Путиннің ойындағысын жеткізіп отыр.

Дегенмен, осыншама дайындықтарға қарамастан, үлкен соғыс болмайды. Неге? Бұған ең алдымен АҚШ-тың қатаң позициясы әсер етіп отыр. Ол ештеңеден де тайсалмастан, Украинаны қорғайтынын ашық жеткізді. АҚШ-тың біржақты қатаң позициясы Еуропаның белді мемлекеттері Германия мен Францияның егер соғыс бола қалса, олардың Украина жағында болатындығын еріксіз мойындатты. Брюссельде тіпті Ресейдің шекараға армиясын жақындатып, соғысқа дайындалғандығының өзі санкция салуға жатады деген әңгімелерге арқау болды.

Тағы бір маңызды көрсеткіш – Түркиенің позициясы. Түркие Қырымды деоккупациялау жоспарын біржақты қолдайтынын жеткізді. Ердоған Путинмен қанша дос болса да Қырым мәселесінде елінің мүддесін жоғары қойып отыр. Соғыс бола қалған жағдайда Түркиенің «Байрақтары» Украина аспанында «ойнақ салатыны» белгілі болып қалды. «Ни рыба, ни мясо» Еуропа елдерінің позициясынан да Түркиенің позициясы Путинның шымбайына батыңқырап кетті. Түркие сондай-ақ екі әмірикалық эсминецті Қара теңізге Украинаны қолдау үшін кезекшілікке өткізді.

Одақтас іздеп, Қытайға барған сапарынан бос қайтқан Ресей ақыры жалғыз қалып, еріксіз өзінің бүкіл әлемге қарсы соғыса алмайтынын түсіне бастағандай. Оның үстіне, оны аса ауыр санкциялар күтіп отырғаны да оның мысын баса түскендей.

Міне, Украина шекарасындағы жағдай әзірге осындай. Ерте ме, кеш пе, Украина НАТО-ға мүше болады, Батыс елдерінің тобына қосылады. Тарихтағы шын орыс мемлекеті біртіндеп өз тарихын қайтып алады, сонда күні кеше Петр патшаның Жарлығымен Ресей аталған жалған мемлекет біртіндеп тарих қойнына кетеді. Әумин!»

 

Таңбалар: қару-жарақРесейсоғысУкраина

Ұқсас мақалалар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…
Жаңалықтар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…

05.09.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Пашинян: Армения енді Ресейді «стратегиялық серіктес» деп санамайды
Жаңалықтар

Пашинян: Армения енді Ресейді «стратегиялық серіктес» деп санамайды

27.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

  • Путин өзінің кортежіне пулемет орналасқан пикапты қостырып қойды 

  • Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist