14 Қыркүйек, 01:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

10 Тамыз 2026 16:33
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 тамыз. Бүгін «Абай күніне» орай Қызылорда қаласында орналасқан Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп алаңында ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай есіміне тағзым ету рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, оқушылар, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Абай мұрасының ұлт тарихындағы айрықша орнына тоқталып, хакімнің шығармалары мен тағылымы жас ұрпақтың рухани тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Абай – қазақтың рухани әлемін жаңа биікке көтерген ұлы тұлға. Оның әрбір сөзі – уақытпен үндесетін тағылым, әрбір ойы – ұрпақ санасын серпілтетін рухани бағдар. Абай адамды білімге, еңбекке, талапқа, әділетке үндеп, елдің кемел келешегін ең алдымен саналы ұрпақпен байланыстырды. Сондықтан Абай мұрасын дәріптеу – өткенге тағзым ғана емес, болашақ алдындағы жауапкершілік. Бүгінгі жас ұрпақ Абай айтқан «толық адам» қағидатын бойына сіңіріп, білімді, еңбекқор, отаншыл әрі әділетті азамат болып қалыптасуы тиіс», – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Өз кезегінде мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы Абай шығармашылығының ұлттық ой-сана мен қоғамдық дамудағы маңызына тоқталып, ұлы ақынның мұрасы қазақ халқының ғана емес, жалпы адамзаттық руханияттың асыл қазынасы екенін атап өтті.

Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында ұлы ақынның сырлы әлемі өнер тілімен де өрнектелді. Шараға қатысушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Өзгеге көңілім тоярсың» секілді жүрекке жылы, ойға терең шығармаларын тыңдап, ақынның ғақлияға толы қара сөздерінен үзінділерге куә болды.

Әсіресе жас өрендердің Абай шығармаларын мәнерлеп оқуы ұлы ақын мұрасының бүгінгі ұрпақ санасында жаңғырып келе жатқанын аңғартты. Бұл – Абайдың асыл сөзі уақыт өткен сайын жаңа буынның жүрегінен орын тауып, рухани сабақтастықтың үзілмей келе жатқанын көрсетеді.

Ұлы ақынның туған күніне орай ұйымдастырылған тағзым рәсімі осылайша Абайдың мәңгілік мұрасына деген құрметті айшықтап, оның өшпес өсиеттерінің бүгінгі қоғаммен сабақтастығын тағы бір мәрте көрсетті.

Таңбалар: Абай күніАбайға тағзымҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Roca Group Қызылордадағы зауыт құрылысын қазан айында бастайды
Дәулет

Roca Group Қызылордадағы зауыт құрылысын қазан айында бастайды

11.09.2026
Қызылорда облысында қоқыстарды жою жұмыстары жалғасын тапты
Аймақ

Қызылорда облысында қоқыстарды жою жұмыстары жалғасын тапты

08.09.2026
Қызылордада 22 жыл бұрын қайтыс болған ер адамды емханаға тіркеп қойған
Әлеумет

Қызылордада 22 жыл бұрын қайтыс болған ер адамды емханаға тіркеп қойған

06.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist