13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы болды

26 Маусым 2026 18:04
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 маусым. Бүгін «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шара облыс орталығындағы «Құзыреттілік орталығында» қанат жайды.

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, мәслихат депутаттары, жергілікті бизнес өкілдері, даму және қаржы институттары басшылары қатысты.

Аймақ кәсіпкерлері мен тауар өндірушілері жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» дәстүрлі республикалық көрме-байқауына белсенді қатысып келеді. Бұл – отандық тауар өндірушілерді қолдауға, өнім сапасын арттыруға және ұлттық брендтерді дамытуға бағытталған маңызды шара.

Облыс әкімі бәсекеге қабілетті өнім шығарып, сапалы қызмет көрсету еліміздің өркендеуіне нақты іспен үлес қосу екенін атап өтті.

«Бұл міндетті жүзеге асыруда кәсіпкерлер қауымының еңбегі мен жауапкершілігі ерекше. Көрмені аралау барысында сапалы өнімдерді өзімізде шығаруға болатынын көрдік. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанда жасалған» деген таңба ең мықты сапаның, ең жақсы өнімнің белгісіне айналуға тиіс. «Алтын сапа» байқауының басты мақсаты – осы» деп атап өткен болатын. Облыс экономикасын әртараптандыруда жоғары сапалы, экспортқа бағытталған өңдеу өнеркәсібі қарқын алды. Алдағы 3 жылда 48 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген», – деді Мұрат Ергешбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі көрме-байқау алаңы – кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтіп, жергілікті өнімдерді тұтыну мен өткізуді арттыруға мүмкіндік береді.

Жақында «Марал Нұр» серіктестігінің жоғары технологиялық вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешені ашылды. Бұл компания теміржол инфрақұрылымын дамытудағы сапалы жұмысы үшін өткен жылы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды.

Өткен айда испандық «Рока Груп» компаниясының санитарлық-техникалық бұйымдар, «Севен Риверс» компаниясының шыны ыдыстар шығаратын зауыттарының капсуласы салынды. Алдағы уақытта жаңа өндірістердің жоғары сапалы өнімі облыс экономикасын өркендетуге септігін тигізеді.

Биылғы көрме-байқауға экономиканың түрлі салаларынан 62 тауар өндіруші қатысты. Сарапшылардың бағалау қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымдары бойынша 9 жеңімпаз анықталды.

Қазір Қызылорда облысында 60 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл секторда 113 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған. Биыл кәсіпкерлікті қолдауға шамамен 25 млрд теңге бөлініп, 553 жоба қаржыландырылды.

Таңбалар: көрме-байқауҚызылордаүздік тауарлар

Ұқсас мақалалар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті
Жаңалықтар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті

13.07.2026
Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды
Әлеумет

Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды

10.07.2026
Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда
Аймақ

Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда

10.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist