10 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда зауыты жемқорлыққа қарсы күреске қосылды

19 Желтоқсан 2020 15:18
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда зауыты жемқорлыққа қарсы күреске қосылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 желтоқсан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Аталмыш құжат қазіргі күндері республикада жүріп жатқан «Protecting bussines and investments» жобасы аясында қабылданды. Меморандумның мақсаты сыбайлас жемқорлық байланысты жұртты құқықтық сауаттандыру, әкімшілік кедергілердің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық құру болып табылады.

«Жоба аясында Қызылорда облысында 2020 жылғы 4 желтоқсанда жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды», – делінген хабарламада.

Ал «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС облыста шыны талшықтары мен композиттік материалдар шығарады. Ол осы бағыттағы импорттық матералдың көлемін азайтып, ішкі нарықтағы бағаны төмендетуді көздегендіктен, тиісті құқықтық құрылыммен осындай келісім жасасып отыр.

Шараға департамент бастығының бірінші орынбасары Б. М. Ниязов, Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Ж. С. Берденова, инвестор Т.Боранбаев қатысты.

Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстық департаменті «Protecting bussines and investments» жобасы негізінде жалпы құны 555,8 млрд теңгені  құрайтын 22 инвестициялық (6 шетелдік неше 16 отандық) жобаны сыбайлас жемқорлықтан қорғауды өз бөдіретіне алды.

Шара соңында  департамент бастығының бірінші орынбасары Б. М. Ниязов БАҚ-тарға берген сұхбатында департамент тарапынан инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес климатын жасау мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Таңбалар: жемқорлықкүресҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026
Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті
Әлеумет

Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

07.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist