15 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысы қалдықтан тазартылып жатыр

1 Қазан 2020 18:05
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысы қалдықтан тазартылып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 қазан. Қызылорда облысында елді мекендер сыртындағы қоқыс қалдықтарды жинау жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы облыстық әкімдік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Аталмыш шара «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасының негізінде 3 нысаналы индикатор бойынша атқарылуда.

Соның бірі – қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру. Бұл бағытта жалпы облыс аумағында түрлі қалдықтарды тасымалдау, жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 40-тан астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды. 2020 жылдың 6 айында жинақталған 58,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 10,5 мың тоннасы өңделді. Ол 17 пайызды құрады.
Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Облыс тұрғындарының 70,8 пайыз тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында облысқа қарасты елді мекендерге барлығы 402 гектар жер учаскелері белгіленді.
Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалдықтарды сұрыптайтын кешеннің құрылысы аяқталды. Жаңа кешенде жылына 60 мың тонна қалдықтар сұрыпталатын болады.
Арал қаласындағы полигон құрылысына қажетті қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарына жаңа полигондар мен сұрыптау кешендерінің жобалары әзірленуде.
Сондай-ақ, «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы және «Волонтер жылы» аясында қоғамдық кеңес, еріктілер және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мекемелерінің мүшелерімен жұмысшы топ құрылып, облыс елді мекендерінде санитариялық тазалық, рұқсатсыз орналасқан стихиялық қоқыс үйінділерін анықтауға рейд жұмыстары ұйымдастырылып, бақылауға алынды.
Айта кетейік, стихиялық қоқыс орындарын болдырмау үшін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «WhatsApp» мессенджері +7 707 160 53 66 нөмірі арқылы «Эко-Патруль-Қызылорда» жобасы жұмыс жасауда.

Таңбалар: Қызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

    Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

  • Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist