13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы қолға алынды

17 Маусым 2026 20:28
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы қолға алынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 маусым. Қызылорда облысында республикалық «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында республика көлемінде «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде», – делінген хабарламада.

Іс-шараның негізгі мақсаты – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну салдарынан орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ «Ішімдіксіз ауылдардың» санын арттыру.

Қызылорда облысында ауыл ақсақалдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және белсенді жастардың бірлескен жұмысының нәтижесінде бұған дейін 39 ауыл «Ішімдіксіз ауыл» мәртебесіне ие болған еді.

Жүргізіліп жатқан іс-шара барысында тағы 8 ауылдың тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданындағы «Аққұм» және «Манап» ауылдары, Арал ауданындағы «Үкілісай» ауылы, Қармақшы ауданындағы «Алдашбай ахун» ауылы, Сырдария ауданындағы «Ақжарма», А.Тоқмағамбетов және С.Сейфуллин атындағы ауылдар «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдады. Нәтижесінде облыстағы «Ішімдіксіз ауылдар» саны 47-ге жетті.

Бұл елді мекендерде қоғамдық тәртіп нығайып, құқық бұзушылықтар мен қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалуда. Әсіресе, тұрмыстық жанжалдар, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар және алкогольдік ішімдіктерге байланысты келеңсіз оқиғалар азайған.

Іс-шара басталғалы облыс көлемінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзудың 18 дерегі және 440-бабы бойынша қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 73 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Бүгін полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының түбіндегі «Баймұрат батыр» ауылында тұрғындармен, белсенді жастармен және ауыл ақсақалдарымен кездесті. Оның негізгі мақсаты «Ішімдіксіз ауыл» бастамасының маңыздылығын түсіндіру және ауыл тұрғындарын осы игі жобаға қолдау көрсетуге шақыру болды.

Халқы 2 375 адамды құрайтын «Баймұрат батыр» ауылында 4 сауда нүктесі бар. Кездесу барысында тұрғындарға алкоголь өнімдерінен бас тартудың қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың әл-ауқатына тигізетін оң әсері түсіндірілді.

«Ішімдіксіз ауыл» – тек алкогольден бас тарту ғана емес, ол қауіпсіздік пен тұрақтылықты, татулық пен қоғамдық тәртіпті нығайтатын маңызды қоғамдық бастама. Осындай игі істердің арқасында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсарып, жастарға үлгі болатын салауатты орта қалыптасады.

Таңбалар: Баймұрат ауылыІшімдіксіз ауылҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті
Жаңалықтар

Қызылордада жаңа Конституцияны талқылауға арналған форум өтті

13.07.2026
Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды
Әлеумет

Қызылордада Президенттік кітапхана құрылысының жобасы пысықталды

10.07.2026
Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда
Аймақ

Жалағашта «Harvest Agro» компаниясы агроөнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда

10.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist