14 Қыркүйек, 05:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысы мұқтаждық құрсауынан шыға алмай отыр

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевқа

16 Ақпан 2022 18:23
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылорда облысы мұқтаждық құрсауынан шыға алмай отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қызылорда облысының 800 мыңнан астам халқы бар, оның 98 пайыздан астам жергілікті ұлттың өкілдері. Арал теңізі құрғап, Байқоңыр ғарыш айлағының зардабын басынан өткізіп отырған экологиялық апат аймағындағы жалғыз облыс. Облыстың өз өндірісі жоқ, мұнай, газ, уран байлығының пайдасын көрмейді, ауыл тұрғындары азын-аулақ мал өсіреді, ал негізгі күнкөріс көзі – суармалы күріш егісі.

Облыстың экономикалық, әлеуметтік жағдайы барынша төмен, жұмыссыздардың саны, ШОБ-пен айналысатындар, тартылған инвестиция, іске қосылған жобалар, ашылған жұмыс орындары, мал, егін шаруашылығының көрсеткіштері мен тұрғындардың күнкөріс табыстары жайлы беріліп жүрген статистикалық мәліметтер жалған, шындыққа жанаспайды.

Өңірдегі 261 елді мекеннің 230-дан астамы іргеміздегі ілеспе газдың жеткілікті болғанымен, Бозой-Шымкент газ құбырының үстімізден өткенімен, газдандырылмай отыр.

Оның үстіне, 2015 жылдан бастап «аудандарды газдандыруға» деп, сырттан инвестиция тартып, бюджеттен қаржы бөлдірудің орнына халыққа салмақ салып, жеке тұрғындардың газға төлемақысын халықпен келіспей, үш есе көтеріп, әлеуметтік, экологиялық жағдайы біршама бізден тәуір көршілес Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан екі есеге тариф төлемін артық төлеп келеді.

Жоғарыға жақсы көріну, рейтингісін көтеру мақсатында «рекордтық» өнім алдық» деп жалған көрсеткіш беріп, егіншілер әр гектарына алып отырған субсидиясынан айырылды.

Тұрмысы төмен, күн көрісінен, заңсыздықтардан қиналған халықтың мұң зарын тыңдайтын билік органдары өз халқынан алшақтап, ғимараттарын биік темір қоршаулармен оқшауланып, кездесу, түсінісу, мұң-зарын айту мүмкіндігінен айырылып, одан сайын тұрғындарды өшіктіре түсуде.

2019 жылдан бастап Сырдария өзенінің суы тартыла бастауы, халықты одан сайын абыржытуда. Кіші Аралдың аумағы тарылып, 200-ден астам көлдердің 60 пайыздан астамы кеуіп, жаппай құрғақшылық етек алуда. Өткен жылы нақты есебі бойынша 3 мыңға жуық мал қырылса, 10 мыңнан астам ірі қара мен жылқы жем-шөптің кемдігінен көрші облыстарға арзанға сатылуда.

Осы жағдай облыс басшысына, тиісті министрге бірнеше рет нақты ұсыныстарымен жеткізіп, кездесулер болғанымен, нәтижесін халық көріп отырған жоқ.

Тоқтағұл су қоймасында су аз болғанымен, көрші мемлекеттердің сағадағы мүмкіндігін пайдаланып, су қоймаларына су жинауы, қосымша ондаған су қоймаларын салып, толтырып отырғаны жайлы нақты мәліметтерді көріп отырған Сыр бойының халқы неге өз үлесімізді алуға шара көрілмейді, неге айналып келіп, біздің егіншілерге суды үнемде, егіс көлемін азайтудан басқа айтары жоқ, көрші ағайындардан үлесіміз емес, артылғанын ғана алып отырғанымызға жауабы жоқтардан шаршауға айналған Сыр бойының әлеуметтік жағдайынан зарығып отырған халқы тек өзіңіздің араласуыңызды өтініп, арнайы батысқазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты нақты қабылдаған бағдарламаңыздай, Қазақстанның алғашқы астанасы болған, еліміздің ел болуына ерен еңбегі сіңген тарихи тұлғалардың ізі қалған, бүкіл түркі әлемінің тәу етер Қорқыт бабамыздың жайғасқан жері, әлемді ғарыш айлағымен, бағындырған,табындырған жер кіндігі – Байқоңырдың елі азып-тозып кетпесін десеңіз, арнайы, мақсаты айқындалған кешенді шара көруіңізді ел болып өтінеміз, сұраймыз!

Сыр бойының бүкіл халқының атынан
«Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері:

Ж. Шәріпов,

Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының әкімі, совхоз директоры, облыстық мәслихаттың екі шақырылымының депутаты, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданының құрметті азаматы

И. Әбибуллаев,

Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарының әкімі, совхоз директоры, Қызылорда қаласының, Жаңақорған, Шиелі және Сырдария аудандарының құрметті азаматы

Қ. Баймаханов,

Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданының әкімі, совхоз директоры, Жоғарғы Кеңес депутаты, сенатор, Қызылорда қаласы мен Жалағаш  ауданының құрметті азаматы   

Ө. Жүсіпов,

теміржол саласының ардагері, облыстық мәслихаттың төрт шақырылымының

депутаты, Жалағаш ауданының құрметті азаматы 

Б. Маншарипов,

Жалағаш және Сырдария аудандары әкімдерінің орынбасары, совхоз директоры, Жалағаш және Сырдария аудандарының құрметті азаматы

М. Бимурзаев,

совхоз директоры, аудандық «Сельхозтехника» бірлестігінің және аудандық ауыл шаруашылығы басқарманың басшысы

Н. Жолдасбаев,

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының  әкімі, совхоз директоры, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы

 

Таңбалар: әлеуметтік ахуалҚызылорда облысысу тапшылығы

Ұқсас мақалалар

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде
Әлеумет

«Creative Aimaq»: Қызылорданың креативті кеңістігі Астана төрінде

12.09.2026
«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті
Аймақ

«Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

04.09.2026
Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді
Әлеумет

Қызылорда облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдау өткізді

26.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist