11 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

10 Қыркүйек 2026 22:26
- Жаңалықтар, Қайнар
Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 10 қыркүйек. Белгілі тіл ғалымы «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздеріндегі «к» әрпінің неге өзгертілуі тиіс екенін ұғындырып айтып берді. Бұл туралы kazinform.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұргелді Мақажанұлы Уәли «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетіні жайлы сұраққа жауап берді.

«Бұл сұрауға бірден жауап бермес бұрын аздап шегініс жасауымызға тура келеді. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» алғашқы толық, ғылыми басылымы 1963 жылы ҚазССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының әзірлеуімен жарық көрген еді. Көптеген сөздің орфографиялануы бірізге түсіп, жазу мәдениетін көтеруге едәуір септігін тигізген бұл сөздік негізінен «түбір сақтау» ұстанымын басшылыққа алған болатын. Шекара сияқты сөздер осы ұстаным бойынша жазылды», – деді ол.

Профессордың айтуынша, кейін келе сөздердің түбірін сақтап жазу ережесі орфоэпиялық заңдылықтың бұзылуына, яғни сөзді айту кезінде буын және дыбыс үндестіктерінің сақталмауына келіп соқтырған.

«Ғалым Рәбиға Сыздықова атап көрсеткендей, радионың құлағын бұрап қалсаңыз да, телевизордың тетігін басып қалсаңыз да, қыздарымыздың әп-әдемі әуезді есімін әншілеріміздің өзі Меңді[қ]ыз-ау, Меңдіқыз деп «қақалап» айтатыны әдетке айналған. Сөз ішіндегі дыбыстардың үндесім мен үйлесімі бұзылды. Мектеп өмірінде Аманкелді, Жанкелді деген тұлғалар есімін …келді, …келділер-мен «ке-келеп» айту көбейе түсті. Сахна төрінде, ақпарат құралдарында ше[к]ара, кө[к]өніс, қыр[к]үйек деп «ке-келеп» айту әдетке айналып та кетті. Осы тұста сөздің айтылу нормаларын көрсететін Р.Сыздықтың «Сөз сазы», Қ.Неталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» де жарық көрді. Қазақ сөзінің айтылу нормаларының бұзылуы жайында лингвистикалық оптимизммен бірталай өткір мақалалар да жарияланды. Бірақ нәтиже ойдағыдай бола қоймады. Осындай жағдайда жиілігі жоғары, күндегісін-күнде естіп жүрген сөздердің жазылуында түбір қуалап жазудан «шегініп», орфографиялық сөздіктерде қыргүйек, көгөніс, шегара сөздерін сындырып жазуға тура келді», – дейді Нұргелді Уәли.

Ғалымның айтуынша көгөніс, көгал, көгілдір, көгершін, көгаршын, көгілжім сөздерінің түбірі – көк. Бірақ бұларды ешкім түбір қуалап көкал, көкілдір, көкілжім, көкаршын, көкершін деп айтпайды, айтпаған соң түбір қуалап жазбайды да.

«Ал ай атауының емлесіне келсек, көгал, көгорай, көгаршын, қазанғап, қолғап дегендердің ізімен қыргүйек деп жазудың әбестігі жоқ деп ойлаймыз. Қысқаша айтқанда, шегара, қыргүйек, көгөніс деп жазу, сайып келгенде, сөз сыңарларының 1) мағыналық, 2) дыбыстық және екпін (просодикалық) жағынан кірігуінің графикалық нышаны болып табылады. Орфографиялық сөздікті құрастырушы ортологиялық лексикография мамандарының мәдени жұртшылыққа, әсіресе мәселе көтеріп, ойтүрткі болған тіл жанашырларына айтар уәжі, міне, осындай», – деді ғалым.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі емле дауына пікір білдірген еді.

Таңбалар: Нұргелді Уәлиөзгерістетіл ғылымы

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist