11 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 466.08 ₸
EUR EUR 538.56 ₸
RUB RUB 5.65 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қорқыт мұрасы: Түркі әлемінің ортақ құндылығы

10 Қазан 2025 19:52
- Жаңалықтар, Руханият
Қорқыт мұрасы: Түркі әлемінің ортақ құндылығы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 қазан. Бүгін Қызылордада «Қорқыт мұрасы: Түркі әлеміне ортақ эпикалық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің аясында керуен керген шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, сөз сөйледі.

«Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары, зерттеушілері мен мәдениет майталмандары алқалы жиынның қонағы болды.

Конференцияны ашып берген аймақ басшысы Президент бекіткен «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжаты аясында ортақ құндылықтарды дәріптеу маңызды басымдық екенін атап айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенім мен бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау», деген болатын. Қорқыт ата – түбі бір түркі халықтарына ортақ рухани тұлға, ел бірлігі мен мәңгілік өмір идеясының символы. Оның даналығы, мұрасы, тағылымы ғасырлар бойы рухани тірегімізге айналып, ұлт пен ұрпақтың жадында сақталып келеді. Бүгінде Қорқыт мұрасын зерттеу – өткенді тану ғана емес, болашағымызға бағытталған рухани миссия. Осы мақсаттағы ғылыми ізденістер мен халықаралық байланыстар түркі халықтарының мәдени тұтастығын нығайтуға, рухани үндестігін арттыруға зор үлес қосты», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Ғылыми жиында «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы фольклор институтының директоры Хикмет Кулиев, Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Анарбай Бұлдыбай, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Жылдыз Орозобекова, Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры Мехмет Чевик, Түркияның белгілі этномузыкатанушысы, ғалым Фикрет Каракая, Өзбекстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ә.Науаи атындағы Мемлекеттік әдебиет музейінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жоппор Эшонкұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау, ұстаз Алмас Алматов, филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Жұмашай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті Ұлжан Байбосынова пікір білдірді.

Айта кетейік, 2018 жылы Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бүгінде ұлы ойшылдың рухына тағзым ету, мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда.

Бүгінде Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалы – туристердің рухани демалыс орны, кешен басында келушілерге барлық жағдай жасалған. Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығына» арналған аллея жаңғыртылып, тұрғындардың саялы орнына айналды. Қорқыт ата  халықаралық әуежайының жаңа терминалы іске қосылды.

Ортағасырлық тарихи-мәдени мұраларды халықаралық деңгейде таныту үшін Ұлттық музей, ТҮРКСОЙ ұйымы және Түркияның Мәдениет және туризм министрлігімен бірлескен шаралар өткізілуде. Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер негізінде «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» мүсіндері жаңғыртылып, ғылыми айналымға енгізілді.

Таңбалар: конференцияҚорқыт атаҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты  байқау өтті
Жаңалықтар

Қызылордада «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты  байқау өтті

10.08.2026
Қызылордада Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Әлеумет

Қызылордада Ұлы Абайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

10.08.2026
Қызылордада интернет алаяқтығының алдын алуға арналған шара өткізілді
Жаңалықтар

Қызылордада интернет алаяқтығының алдын алуға арналған шара өткізілді

10.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

    Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

  • Медицинада кездейсоқ адамдарға орын болмауға тиіс

  • Қазақстандық белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

  • Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді

  • Қазалыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мәжіліс мәселе талқылады

  • Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе теміржол вокзалында жүріп жатқан жұмыстармен танысты

  • «Бекарыс-Агрофуд» ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 466.08 ₸
EUR EUR 538.56 ₸
RUB RUB 5.65 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist