15 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қордайлық балалар бірінші кезекте қазақ тілін үйренеді

8 Маусым 2020 15:49
- Аймақ, Жаңалықтар
Қордайлық балалар бірінші кезекте қазақ тілін үйренеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 8 маусым. Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты көп ұлтты ауылдардың оқушылары бірінші кезекте мемлекеттік тілді меңгеретін болады. Бұл туралы облыс әкімдігі баспасөз қызметіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Мұндай ұстанымды облысы әкімі Бердібек Сапарбаев сенбі-жексенбіде аталмыш ауданға жасаған екі күндік жұмыс сапары барысында жеткізді.

Аймақ басшысы ауданда алдымен Жамбыл ауылдық округіндегі тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру барысымен танысты. Жобаға 950 аула қатысуда. Оларға шамамен миллиард теңге бөлініп, 19 ауыл шаруашылығы техникасы, 4208 бас мал сатып алынған. Алайда, 4500 гектар ауылшаруашылық алқаптың 690 гектары ғана пайдаланылуда.

Облыс әкімі мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отырған ауыл тұрғындарының енжарлығына қынжылыс білдірді.

«Жобаның негізгі мақсаты – ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру, олардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру, ауылшаруашылық жерлерін мүмкіндігінше тиімді пайдалану. Өкінішке орай, сіздер барлық қол жетімді мүмкіндіктерді толық пайдаланбай отырсыздар. Ақша бөлінді, бірақ тиісті нәтиже жоқ. жұмсалған қаражатты ертең қалай өтейсіздер? – деп сұрады ол.

Қордай ауданында облыс әкімі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу жайын көрді, «Масаншы», «Сортөбе» ауылдары тұрғындарымен кездесті.

Қазір аудандағы 5 елді мекенді газдандыру жұмыстар қызу қарқынмен жүргізілуде. Атап айтқанда, «Қаракемер», «Ауқатты», «Бұлар батыр», «Сортөбе» және «Масаншы» ауылдары күзге дейін «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіледі. Қайта қалпына келтірілген «Қордай» автоматтандырылған газ тарату станциясынан 73 шақырым газ құбыры тартылады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Нұрлан Алдамжаров облыс әкіміне газдандыру жұмыстары туралы есеп берді. Оның айтуынша, жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. 5 300 тұрғын үй, 50 мыңнан астам тұрғын газбен қамтамасыз етіледі. Тағы 12 елді мекенді табиғи газға қосуға мүмкіндік бар.

«Қаржы мәселесі толық шешілді. Енді басты міндет – кесте бойынша жүру. Қыркүйек айында газ берілуі керек. Жұмыстың барысын бақылау үшін жылжымалы штаб құрылды. Әр апта сайын осы саланы басқаратын облыс әкімінің орынбасары штаб отырысын өткізеді және жергілікті жерде туындаған мәселелерді тез шешеді», – деді облыс әкімі.

Жақында «Масаншы» ауылында футбол алаңы, ашық фитнес жабдықтары бар көп функционалды спорт  және балалар алаңы ашылды. Аймақ басшысы жаңа спорт алаңында өткен «Ауыл ойындары» спорттық шарасының қонағы болды. Жарыстар 15 маусымға дейін созылады. Оған қатысушылар спорттың 5 түрінен сайысқа түседі.

Сол күні «Қордай», «Масаншы», «Сортөбе» ауылдарының командалары арасында футбол матчтары ойналды. Оның алдында Бердібек Сапарбаев спортшыларға сәттілік тілеп, теңбіл доп тарту етті.

Облыс әкімі жаңа спорт нысанының сапасына жоғары баға берді.

«Спорт алаңы, ең алдымен, балаларға арналған. Нысан жоғары сапамен салынған. Ең бастысы, мұнда балалар ойнауға ыңғайлы. Ауылда 600 орындық мектеп салынуда. Біз жаңа мектептің жанында осындай спорт алаңын салуды жоспарлап отырмыз», – деді Бердібек Машбекұлы тұрғындармен ұшырасу кезінде.

Облыс әкімі «Сортөбе» ауылында үйінде жұмыс істейтін «Тілдер саябағы» жазғы лагеріне ат басын бұрды. Мұнда жергілікті тұрғындарға мемлекеттік және шетел тілдері оқытылады.

Әлеуметтік жобаның жетекшісі Бақнұр Зиябековтің айтуынша, бүгінде лагерьде 200 адам қазақ, ағылшын және француз тілдерін үйренуде. Тыңдаушылар арасында балалар да, ересектер де бар. Ашық аспан астындағы шаралар аптасына үш рет өткізіледі. Ауыл тұрғындарына Назарбаев Университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері сабақ береді.

Бердібек Сапарбаев аудандағы белсенділер мен еріктілерге қыруар шаруалары үшін алғыс айтып, тұрғындарға мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын ескертті.

«Егер ата-аналар балаларымен қазақша сөйлесе, балалар тез тіл үйренеді. Мемлекеттік тілмен қатар бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін басқа да шет тілдерін білу керек. Біздің міндетіміз – жастарға лайықты білім беріп, бірнеше тілдерді меңгеруіне жағдай жасау. Осындай жұмысты басқа ауылдарда да ұйымдастыру керек», – деді облыс әкімі.

Келесі кезекте ол «Сортөбе» ауылындағы балық шаруашылығын дамытуға жақсы жағдай жасалғанына көз жеткізді. Мұнда форель мен бекіре тұқымдас балықтар өсіретін ферманың тыныс-тіршілігіне көңіл аударды. Фермада жылына 5-7 тонна балық өндіріледі. Өнім жергілікті жерде сатылады..

Сапары барысында облыс әкімі аудандағы жолдардың құрылысына да қанықты. Ол мердігерлердің өкілдерімен бірге төселген асфальттың сапасы стандарттарға қаншалықты сәйкес келетінін тексерді.

Биыл Қордай ауданында инфрақұрылымды жақсартуға, оның ішінде жолдарды жөндеуге шамамен 7 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 352 шақырымдық автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуі тиіс.

Таңбалар: Бердібек Сапарбаев

Ұқсас мақалалар

ТОЛҚЫНДА ТУҒАН ТҰЛҒА
Таным

ТОЛҚЫНДА ТУҒАН ТҰЛҒА

10.06.2024
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
Әлеумет

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден өтті

10.06.2023
Таразда Жамбылдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталды
Аймақ

Таразда Жамбылдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталды

27.02.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

    Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

  • Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist