АСТАНА. 28 наурыз. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін Қазақстанда коронавирус эпидемиясы бақылаудан шығып, бой бермей кетуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Қазақстанда коронавирус бақылаудан шығып кетуі мүмкін», – деді министр сенбі күні өткен брифингте қазақ тілінде. Ол сонымен бірге карантин шараларын сақтаудың қажеттігін мәлімдеді.
Абаев өзінің сөзінде бір түнде 40-тан аса адамның ауру жұқтырғанын, мұның қауіпті мөлшер екенін атап өтті.
Қазіргі таңда Қазақстанда инфекция жұқтырып алғандардың саны 204-ке жетті. Әзірге 15 адам сауығып шықты, 1 адам қайтыс болды.
USD




