10 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ қызы Динара Әлімбекова Әлем кубогы кезеңін ұтты

12 Желтоқсан 2020 17:45
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақ қызы Динара Әлімбекова Әлем кубогы кезеңін ұтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИНСК. 12 желтоқсан. Беларусь биатлон құрамасының ұлты қазақ мүшесі Динара Әлімбекова Әлем кубогының кезекті кезеңінде бірінші орын алды. Бұл туралы «Прессбол» хабарлады.

«Беларусь биатлоншысы Динара Әлімбекова Австрияның Хохфильцен қаласында өткен Әлем кубогының спинтерлік жарыс кезеңінде алтын медаль жеңіп алды», – делінген белорустың Naviny.bu порталының хабарламасында.

24 жастағы Динара Әлімбекова осылайша өзінің биатлоншылық мансабында бірінші рет жеке жеңіске жетіп отыр. Ол 2018 жылы жеңіп алған Олимпиада чемпиондығы атағына командалық жарыста қол жеткізген. Ал биылғы маусымда қатысқан жарыстарының бәрінде алғашқы сегіздік құрамынан табылған.

Бұл жолы екі атыс нүктесінен де ешбір мүлт кетпей, атқан оқтарын нысанаға дәл тигізді. Екінші орын алған норвег қызы Тириль Экхофф одан 8,5 секунд кейін келіп, бір рет нысанаға тигізе алмай қалды. Үшінші орындағы неміс қызы Франциска Пройсс та бір рет мүтлт кетіп, 9,9 секундқа артта қалды.
Динара Талғатқызы Әлімбекова 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысының Абай қаласында туған. Әкесі – қазақ, анасы – белорус қызы. Динараның 3 жасында отбасы Беларуське көшіп барған. Қазір Евгений деген інісі, Ульяна деген сіңлісі бар. 2008 жылдан бері биатлонмен шұғылданып келеді. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Олимпиялық ойындардың чемпионы. Беларусьтің еңбек сіңірген  спорт шебері.


Әйелдер. Спринт. 7,5 км
1. Д.Әлімбекова (Беларусь) 20.12,3 (0-0)
2. Т.Экхофф (Норвегия) +8,5 (1-0)
3. Ф.Пройсс (Германия) +9,9 (0-1)
4. М.Рэйселанд (Норвегия) +16,9 (0-1)
5. М.Давидова (Чехия) +19,4 (0-1)
6. Ж.Симон (Франция) +20,1 (1-1)
7. Л.Витоцци (Италия) +22,3 (0-0)
8. Д.Вирер (Италия) +25,6 (0-1)
9. Л.Т.Хаузер (Австрия) +34,1 (1-0)
10. К.Иган (АҚШ) +35,7 (1-0)

 

 

Таңбалар: биалтлонДинара Әлімбекова

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist