14 Қыркүйек, 05:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өзбекстанда Францияның туы жұлынып тасталды

30 Қазан 2020 23:45
- Әлеумет, Жаңалықтар
Өзбекстанда Францияның туы жұлынып тасталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 30 қазан. Наманган қаласында Эммануэль Макронның мәлімдемесіне орай мехмонхоналардың бірінің алдында ілулі тұрған француз туы алынып тасталды. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

«Өзбекстанның шығысындағы Наманган қаласында жергілікті тұрғындардың бірі Эммануэль Макронның мәлімдемесіне қарсылық ретінде қонақ үйлердің бірінің алдында ілініп тұрған француз туын жұлып тастаған», – делінген хабарламада.

Өзінің әрекеті жайлы Facebook-та хабарлаған намангандық белсенді туды «қарсылық белгісі ретінде» жұлғанын айтып, «Наманганда француз туына орын жоқ» деп жазған. Осыған дейін әлеуметтік желіде Мұхаммед Икрам есімді ер адамның Франция президенті мен әйелінің суретін таптап тұрғаны туралы видео да жарияланған.

Наманган облысының әкімшілігі, ішкі істер министрлігі және сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді. Наманганда ең қымбат саналатын Grand Sherdor қонақ үйінің өкілі «туларды ауыстырып қойдық» деп айтқан. «Азаттықтың» өзбек қызметі тілшісінің өзге сұрақтарына жауап бермеген. Жергілікті полиция оқиғадан хабары жоғын айтқан.

Оқиғадан бірнеше сағат өткеннен кейін белсенді «ту жұлғаны жайлы» жазбасын өшіріп тастаған, себебін түсіндірмеген.

Францияда оқушыларға сабақ кезінде сөз бостандығы туралы айтып, Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен мұғалім 16 қазанда өлтірілген. Осыдан кейін президент Эммануэль Макрон Франция сөз бостандығынан бас тартпайды, карикатураға да тыйым салмайды деп мәлімдеп, саясаткердің бұл сөзі Таяу Шығыстағы кейбір елдерде наразылық туғызған. Макронның саяси ислам жайлы мәлімдемесін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «исламды қорлау» деп бағалап, елде француз өнімдеріне бойкот жариялады.

Таңбалар: НаманганЭммануэль Макрон

Ұқсас мақалалар

Макрон: Трамп енді Украинаның соғыста жеңілетініне сенбейді
Жаңалықтар

Макрон: Трамп енді Украинаның соғыста жеңілетініне сенбейді

19.06.2026
Макрон Украинаға ядролық қарумен қолдау көрсететінін айтты
Жаңалықтар

Макрон Украинаға ядролық қарумен қолдау көрсететінін айтты

06.03.2025
Макрон Украина жөнінде екінші шұғыл саммит шақырып отыр
Жаңалықтар

Макрон Украина жөнінде екінші шұғыл саммит шақырып отыр

18.02.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist