6 Қыркүйек, 07:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты

3 Наурыз 2020 10:52
- Жаңалықтар, Құқық
Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СЕМЕЙ. 3 наурыз. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

Бүгін қазақстандық құқық қорғаушылар «саяси тұтқын» санатына қосқан тұлғаның өзін мерзімінен ерте босату туралы өтінішін қанағаттандырған Семей қалалық №2 соты оның құлып астынан босап шығуына мүмкіндік берді.

Сот отырысына Қазақстанның әр түкпірінен қоғам белсенділері мен сотталушыны қолдаушылар жиналды. Олар сот басталмай тұрып, залда Мұхтар Жәкішевке бостандық сұрап, ұрандатты. Сотқа Мұхтар Жәкішев скайп арқылы қатысты.

Өткен жылы 24 шілдеде Семей қаласының №2 соты түрмеде отырғанына 10 жылдан асқан Мұхтар Жәкішевтің шартты жазамен мерзімінен бұрын бостандыққа шығару туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан болатын. Семей соты «Жәкішев мемлекетке келтірген 99,6 миллиард теңге (қазіргі курспен 258 миллион доллар) шығынды өтемегенін» айтқан.​ Қыркүйек айындағы апелляциялық сот бұрынғы шешімді өзгертпеді.

Соттың алдында және одан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында биліктен Жәкішевті босатуды талап еткен наразылық акциялары өтті.

Мұхтар Жәкішевті саясаттанушылар «білікті менеджер» деп есептейді. Ол 2009 жылы 21 мамырда «Қазатомөнеркәсібі» компаниясының басшысы қызметінен алынып, 24 мамырда тұтқындалдын. Ол «Венада (Австрия) «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады, күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келді» деген айыппен 14 жылға сотталған.

2012 жылы маусым айында Мұхтар Жәкішевтің үстінен қозғалған тағы бір іс бойынша Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының №2 соты үкім шығарды. Бұл жолы оған «ірі көлемдегі алаяқтық» (қылмыстық кодекстің 177-бабы) және «өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлкін иемденіп, шығындау» (176-бап), «заңдастыру» (193-бап), «қылмыстық топ құру» (235-бап), «қызметтік өкілетін асыра пайдалану» (307-бап) баптары бойынша айыптар тағылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл жаза бұрынғы 14 жылдық жазамен біріктірілді. Екінші қылмыстық іс бойынша сот отырыстарына Мұхтар Жәкішев пен оның өзі жалдаған адвокаттары қатысқан жоқ.

Түрмеде отырған кезде үшінші топ мүгедектігін алған Жәкішев өзіне тағылған айыптармен келіспеді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Жәкішевті «саяси тұтқындар» тізіміне қосқан. Құқық қорғаушылар «Жәкішев елден қашқан Мұхтар Әблязовпен (бұрынғы банкир, Қазақстан билігін сынаушы) араласқаны үшін қысымға ұшырады» деп санайды. Қазақстан билігі елде «саяси тұтқындар жоқ» деп есептейді.

Халықаралық ұйымдар да бірнеше рет Қазақстан билігінен Жәкішевке бостандық беруді сұраған. 2015 жылы Жәкішевтің шағымын қараған Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі комитеті оның құқығы бұзылғанын растап, Қазақстан билігін тұтқынды босатуға шақырған.

Таңбалар: Мұхтар Жәкішев

Ұқсас мақалалар

Тоқаев Жәкішевтің жағдайына орай өз ойын айтты
Жаңалықтар

Тоқаев Жәкішевтің жағдайына орай өз ойын айтты

29.02.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist