4 Қыркүйек, 19:09
RAST.kz
USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Молдова: жұрт Сандуды сайлаудағы жеңісімен құттықтап жатыр

16 Қараша 2020 09:46
- Жаңалықтар, Жаһан
Молдова: жұрт Сандуды сайлаудағы жеңісімен құттықтап жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИШИНЁВ. 16 қараша. Кеше түннен бері Молдова президенті сайлауында жеңіске жеткен Майя Сандуды жақтастары құттықтап жатыр. Бұл туралы Point.md хабарлады.

«Молдовада «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының мүшелері мен олардың жақтастары Майя Сандуды жеңісімен құттықтау үшін партия штабына жиналды. Олар сайлау жеңімпазын қатты қол шапалақтап қарсы алды», – делінген хабарламада.

Партия лидері сол жерде: «Экономиканы дамыту үшін билікке жастар келу керек, олар елден сыртқа кетпеуі керек», – деді Майя Санду.

Жиналғандар бұған жауап ретінде «Майя Санду – президент!» және «Жеңіс!» деп айқайлады.

Орталық сайлау комиссиясы райысының орынбасары Владимир Шарбан жексенбі күні журналистерге берген брифингінде «дауыс берудің ешбір айтарлықтай инцидентсіз және төзімділікпен өткенін» мәлімдеді.

Қазір алдын ала мәлімет бойынша сайлауда Майя Сандудың 51,4 пайыз дауыс алғаны, ал іс басындағы президент Игорь Додонның 48,6 пайыз дауыс жинағаны белгілі болып тұр. Орталық сайлау комиссиясы хаттамалардың 90 пайызы қаралғаннан кейін осындай дерек берді.

Молдовада қарашаның 15-і күні қайтарма сайлау өтті. Бұған дейін екі апта алдын өткен бірінші сайлауда үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздық деңгейден өте алмаған. Бірақ соның өзінде Санду бүгінгі негізгі қарсыласынан көп алда кетіп еді.

Бұдан үш күн бұрын президент Додон сайлаудың заңды жолмен өтетінін, бұра тарту болмайтынын, себебі, Орталық сайлау комиссиясын оппозиционерлер басқарып отырғанын айтқан болатын.

Сонымен, Молдовада да президент ауысқалы тұр. Қазіргі президент Игорь Николаевич Додон 1975 жылы атақты коньяк шығарылатын Калараш ауданындағы Садова селосында туған. Бұл Молдованың еш уақытта ешқандай коммунаға кірмеген, колхоз бен совхозға бірікпеген, өз беттерінше күн көрген және ерекшеленіп тұрған аз елді мекендерінің бірі болатын. Мұнда елді ақсақалдар кеңесі басқарған. Демек, президент демократияның ортасынан шыққан. Ол Батыспен де арасын жақсы ұстады, Ресейді де сыртқа тепкен жоқ. Жалпы, еліне жайлы болды. Енді бір президенттік мерзімнен кейін орынтағынан кетіп отыр.

Ал Майя Григорьевна Санду 1972 жылы Молдованың Флоешты ауданында туған. Бұған дейін министр болған. Ал 2019 жылдың 12 қарашасынан премьер-министрдің міндетін атқарушы лауазымын атқарған. Ол 2016 жылы да президент сайлауына түскен.

Жалпы, Молдовада қазір 3 млн 560 мың адам тұрады. Олардың 75,81 пайызы – молдовандар, 8,35 пайызы украиндар, 5,45 пайызы орыстар, 4,36 пайызы гагауздар. Ал жоғарыдағы екі үміткердің де ұлты – молдован.

Айтқандай, Майя Санду Молдованың 6-шы президенті болып отыр. Бұл елдің бірінші президенті (тұңғыш емес!) Мирча Снегур 1990 жылы билік басына келді. 1997 жылы оны Петр Лучинский алмастырды. 2001 жылы Владимир Воронин ел тізгінін ұстады. 2012 жылы Николай Тимофти президент болып сайланды. 2016 жылы Игорь Додан билік иесі атанды. Сонымен бірге, 2010-2012 жылдар аралығында Михай Гимпу, Владимир Филат, Мариан Лупу есімді қайраткерлер президенттің міндетін атқарушы болды. Егер бұларды да қоссақ, Санду елдің 9-шы президенті болып шығады.

 

Таңбалар: Майя СандуМолдова

Ұқсас мақалалар

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігуді қолдады
Жаңалықтар

Румыния парламентінің төменгі палатасы Молдовамен бірігуді қолдады

26.06.2026
Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады
Дәулет

Еуропа одағы Украинамен және Молдовамен келіссөздерді бастады

13.06.2026
Шойгу Днестр бойы Донбастағыдай етілуі мүмкін екенін мәлімдеді
Жаңалықтар

Шойгу Днестр бойы Донбастағыдай етілуі мүмкін екенін мәлімдеді

22.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

    «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist