14 Қыркүйек, 05:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мьянмада әскери төңкеріс жасалуына не себепкерлік етті?

3 Ақпан 2021 23:05
- Жаңалықтар, Жаһан
Мьянмада әскери төңкеріс жасалуына не себепкерлік етті?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

РАНГУН. 3 ақпан. Бұдан екі күн бұрын Мьянма (бұрынғы – Бирма) мемлекетінде әскери төңкеріс орын алды, билік скерилердің қолына көшті. Бұл туралы BBC хабарлады.

1 ақпан күні таңертең Мьянманың билеуші партиясы – «Демократия үшін ұлттық лиганың» лидері Аун Сан Су Чжи ханым тұтқынға алынды. Бұған қоса, мемлекеттік кеңесші болып саналатын ол іс жүзінде елдің басты билеушісі еді. Қамауға сондай-ақ Мьянма президенті Вин Мьин және саяси басшылықтың басқа да мүшелері алынды.

Елде бір жылдық мерзімге төтенше жағдай жарияланды. Әскерилер бірінші вице-президент Мьин Све қол қойған мәлімдемеге сәйкес енді мемлекеттік биліктің елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы Мин Аун Хлаинның қолына көшетінін мәлімдеді.

Аун Сан Су Чжи өзі тұтқынға алынардан сәл ғана бұрын жазған хатында жақтастарын «мұны қабылдамауға» және «әскери төңкеріске қарсылық көрсетуге» шақырып үлгерген екен. Оның айтуынша, әскерилер тек диктатураны күшейте түсетін болады.

Соңғы айларда елде қараша айында өткен сайлаудың қорытындысына күмән келтірген әскерилердің наразылығы тууына байланысты армия мен мемлекет басшыларының қарым-қатынасы күрт нашарлап кеткен еді.

Айдың бірінші күні бұрынғы астана – Янгонның көшелері полицейлер мінген автоколонналарға толып кетті, телеарналар жұмыс істеуін тоқтатты. Таңерте ерте Myawady TV телеарнасы елдің билігі елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы Мин Аун Хлаинның қолына өткенін хабарлады.

Елдің іс жүзіндегі лидері Аун Сан Су Чжи, президент Мьянмы Вин Мьин және билеуші «Демократия үшін ұлттық лига» партиясының саяси басшылығы рейдтер сериялары барысында қамауға алынды.

Кейінірек әскерилер 24 министрдің орындарынан алынып, бірқатар министрліктерге жаңа басшылар тағайындалғандарын баяндады.

Қазіргі таңда елдегі үлкен қалалардың бәрінде мобильді жүйелер мен телефон желілері жұмыс істемейді.

2020 жылғы қарашада өткен парламент сайлауында Аун Сан Су Чжи жетекшілік ететін «Демократия үшін ұлттық лига» партиясы 83 пайыз дауыс алған екен. Көпшілік мұны іс жүзінде Аун Сан Су Чжи басшылық жасайтын азаматтық үкіметке көрсетілген сенім деп қабылдады. Ал Аун Сан Су Чжи балалары шет елдердің азаматтары болғандықтан президент сайлауына қатыса алмайтын еді.

Бұл елде 2011 жылы аяқталған әскери диктатурадан кейін жүргізілген екінші жалпы халықтық сайлау еді. Сол жолы Мьянмада демократиялық реформалар басталды.

Алайда, әскерилер бұл жолы сайлаудың қорытындысымен өздерінің келіспейтіндерін білдірді. Мұның аяғы осы төңкеріске алып келді.

Таңбалар: әскери төңкерісМьянма

Ұқсас мақалалар

Африка тағы буырқанып жатыр: Габонда әскерилер тақты төңкеріп тастады
Жаңалықтар

Африка тағы буырқанып жатыр: Габонда әскерилер тақты төңкеріп тастады

31.08.2023
Батыс Африка Нигердегі төңкеріс жасаушы әскерилерге ультиматум қойды
Жаңалықтар

Батыс Африка Нигердегі төңкеріс жасаушы әскерилерге ультиматум қойды

31.07.2023
Нигерде әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасап, президентті тақтан тайдырды
Жаңалықтар

Нигерде әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасап, президентті тақтан тайдырды

27.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist