13 Қазан, 09:10
RAST.kz
USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Лукашенко күзде президент тағынан таяды – Цепкало

22 Тамыз 2020 16:56
- Жаңалықтар, Жаһан
Лукашенко күзде президент тағынан таяды – Цепкало
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МИНСК. 22 тамыз. Беларусь президенті Александр Лукашенко осы күзде-ақ елді басқара алмайтын болады. Президент орынтағына бұрынғы үміткер Валерий Цепкало осындай болжам айтты. Бұл туралы ВВС хабарлады.

«Ол қазірдің өзінде елді басқарып отырған жоқ, бірақ оны не істейтініміз жайлы ойланып көруіміз керек», – деді оппозиционер.

Цепкало өзінің сөзінде Лукашенконың ешқандай да конституциялық реформа жасауға ниетті болып отырмағанын атап өтті.

Ол сондай-ақ халықаралық қауымдастықты оппозиция лидері Светлана Тихановскаяны заңды сайланған президент ретінде санауға шақырды. «Өйткені, ондай архитектурада билік транзитін қалай жүзеге асыруға болатыны, ал күштік құрылымдар кімнің жағына өтетіні түсінікті болып шығады. Өйткені, былайынша отставкаға кетуге шақыру күштік құрылымдарға оңай соқпайды», – деді ол.

Беларусьте 9 тамызда президент сайлауы өткеннен бері бір күн үзіліссіз наразылық шерулері өтіп жатыр. Бүгін қарсылық акциясы өзінің 14-ші күнін жалғастырып жатыр.

Сонымен бір мезгілде кешеді бері ереуілге шыққан жұмысшыларды репрессиялау машинасы іске кірісіп кетті. Ол шеруге шыққандарды жаппай жұмыстан шығаруда.

Мысалы, Минск автомобиль зауытында автомобиль құрастыру цехының слесарі Семен Федотов жұмыстан қуылған. Ресми құжатта оның 19 тамыз күні 07:00-ден 15:20-ға дейін еңбек міндеттерін атқармағаны айтылған. Семен мұны Naviny.bu сайтының тілшісіне берген жауабында «елде күштік құрылымдар тарапынан болған зорлық-зомбылыққа қарсылық және мемлекетте демократиялық құрылым орнату мақсатында» жасағанын айтты. Оның айтуынша, ереуілден кейін «өзгелерді қорқыту үшін» сегіз адам жұмыстан шығарылған, бірақ өзгелер бұларға қатты қолдау көрсеткен. Сол күні жүздеген адам жұмыстан шығу жөнінде арыз жазып берген.

Солигорскідегі «Беларуськалий» зауытынан ереуілге қатысушылардың ісімен қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері айналысқан. 20 тамызда стачком мүшесі Дмитрий Куделевич қамауға алынған. Таңертең оны ереуілге шыққан жұмысшылардың позициясын түсіндіру үшін шақырған. Бірақ онда барғанда, комитетшілер түнеріп қарсы алған. Олар Куделевичті өз көліктеріне отырғызып, кабинеттеріне алып барған. Сол жерде стачком мүшесі дәретхана терезесі арқылы қашып шыққан. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол қазір Украинада көрінеді.

Ереуілге шыққан жұмысшыларға қазір Ынтымақтастық қоры көмектесуге кірісті. Ол осы кезге дейін жұрттан 1,5 млн доллар ақша жиып үлгеріпті. Алғашқы жалақылар МТЗ жұмысшыларына берілді.

Ал Светлана Тихановская жұмысшыларды алға беттерінен қайтпауға, мақсатқа жетпей тоқтамауға шақырды. Ол ереуілдің «диктатураны қорқытатынын» айтты.

«Билік сендерден, сендердің күштерің мен ерліктеріңнен қорқады. Сондықтан бүгін сіздер орасан зор қысымды сезінесіздер. Сондықтан үркітіп-қорқытуға тап боласыздар. Сол қорқынышты диктатураға қалдырыңдар. Естеріңізде болсын, сіздер жалғыз емессіздер. Сіздермен бірге – бүкіл Беларусь. Қолдау қоры қазірдің өзінде қысымға төтеп беріп, қорқыныштан қаймықпас үшін миллиондаған ақшаны сіздерге таратып үлгерді», – деді Светлана Тихановская.

Таңбалар: Беларусь

Ұқсас мақалалар

Тихановская: Мен үшін Украинаның жеңісі тек уақыттың еншісінде тұр
Қоғам

Тихановская: Мен үшін Украинаның жеңісі тек уақыттың еншісінде тұр

27.05.2026
YouTube Беларусьтің үш мемлекеттік БАҚ арналарын жойды
Жаңалықтар

YouTube Беларусьтің үш мемлекеттік БАҚ арналарын жойды

04.04.2026
Беларусьте Би-би-сидің орыс қызметі экстремистік деп танылды
Жаңалықтар

Беларусьте Би-би-сидің орыс қызметі экстремистік деп танылды

31.03.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

    «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist