15 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Коронавирус: посткеңестік елдердегі ахуал қандай?

11 Сәуір 2020 20:07
- Аймақ, Жаңалықтар
Коронавирус: посткеңестік елдердегі ахуал қандай?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 сәуір. Кеңес Одағы құрамынан бөлініп шыққан 15 мемлекеттің коронавируспен күресінің нәтижелері шамалас болып отыр. Бұл туралы бірқатар деректер көзіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Сәуірдің 11-і күнгі дерек бойынша, бұл елдер арасынан Ресей бірінші болып тұр. Ол 13 584 оқиғасымен және 106 кісі өлімімен әлем рейтингісінде 17 орында келеді.

Екінші сатыға 2 511 кеселімен және 73 құрбандығымен Украина орналасты. Ол әлемдік көрсеткіште 48-орынға табан тіреген.

Үшінші орын Беларусь орнықты. Бұған дейін ел президенті Александр Лукашенконың коронавирусты сырқатқа санамағанына қарамастан, мұнда соңғы күндері дерек өте жылдам өсіп жатты. Сөйтіп, 2031 адамның вирус жұқтырғаны, олардың 23-і қаза тапқаны белгілі болды. Жаһан жүзінде 50-ші сатыға шықты.

Біздің есепте төртінші аталып отырған Молдова дүние жүзі рейтингісінде 59-шы болып аталады. Ежелгі Нистру алабында 1 438 адам індетке шалдықса, солардың 29-ы жантәсілім етіпті.

Бесінші белеске 1 258 адамы ауру жұқтырып, 24 адамы бақилыққа аттанған Эстония көтерілді. Калев ұрпақтары мекендеген дәулет жер жүзінде 62-ші кезекте тұр екен.

Прибалтиканың тағы бір елі – Литва 999 адамының науқас болуымен, 22 адамының көз жұмуымен әлемде – 66-шы, ал біздің шеңберде алтыншы болып келе жатыр.

Жетінші тұғырға жаһан жайында 67-ші тегершікке табан басқан Армения жайғасты. Арарат аумағында 977 адам вирусқа тап келсе, солардың 13-і ажал аранынан шыға алмай қалды.

Сегізінші белдеуге Әзербайжан шығып кетті. Бұлай дейтініміз, соңғы күндері сырқаттары саны күрт көбеюі әзерилерді қазақтардан басып озуға жеткізді. Қазір Апшерон атырабында 991 адам кеселге кенелсе, тағы 10 адам сол аурудан жер құшқан. Үлкен санақта 71-ші болып тұр.

Қазақстан бұдан кейінгі тоғызыншы сатыға тұрақтады. Ол дүние дүрмегінде 72-ші кезекте. Қазірге дейін бізде 859 адам ауруға ұшыраса, 10 адам өмірмен қоштасты.

Өзбекстанның орны – оныншы. Ал жаһанда 79-шы болыпты. Мавреннахр атырабында 694 адам науқасты болса, 3 адам сол науқастан келмеске кеткен.

Латвия әлемде 80-ші орыннан көрінсе, посткеңестік мемлекеттер арасында он бірінші орыннан табылды. Мұнда 612 адамның вирус жұқтырғаны, 3 адамның қайтыс болғаны анықталды.

Жаһан жобасында 101-ші болып аталатын Қырғызстанда 298 адамда вирус бар, ал 5 адам сол сырқаттан айыға алмай, дүниеден өткен.

Грузия – осы аталған елдердің арасындағы көрсеткіші ең төмені. Бұл елде 236 адамның «тентек тұмауға» ұрынғаны айғақталса, 3 адам тажалға тап келді.

Ал Тәжікстан мен Түрікменстанда әзірге коронавирус дерегі тіркелген жоқ.

Таңбалар: коронавирус (covid-19)

Ұқсас мақалалар

Қан тобының коронавируспен күресте өз әсері бар екен
Жаңалықтар

Қан тобының коронавируспен күресте өз әсері бар екен

04.03.2021
Ағзадағы ковидті 5 минутта жоятын сусындар табылды
Жаңалықтар

Ағзадағы ковидті 5 минутта жоятын сусындар табылды

15.11.2020
Коронавирус індетін өзгелерден бұрын жеңетін елдің аты аталды
Жаңалықтар

Коронавирус індетін өзгелерден бұрын жеңетін елдің аты аталды

30.10.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

    Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

  • Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist