8 Қыркүйек, 01:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Идлибте Түркияның 33 жауынгері қаза тапты

28 Ақпан 2020 17:38
- Жаңалықтар, Жаһан
Идлибте Түркияның 33 жауынгері қаза тапты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АНКАРА. 28 ақпан. Кеше түнде Сирияның солтүстік-батыс ауданындағы Идлиб жерінде Түркияның 33 әскери қызметкері оққа ұшты. Бұл туралы «Анадолу» агенттігі хабарлады.

Сириядағы жағдай 28 ақпанға қараған түні тағы шиеленісе түсті – Түркия Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері Идлиб провинциясы аумағында артиллериядан атқылаудың астына алынды. Нәтижесінде кем дегенде 33 солдат жер құшты, тағы 32 түрік жауынгері жарақат алды.

Түркияның Сириямен шекаралас Хатай провинциясының губернаторы Рахми Доган бірнеше жауынгердің ауыр жарақат алып, осындағы госпитальға жатқызылғанын айтты.

Елдің президенті Тайип Ердоған осыған байланысты шұғыл кеңес өткізді, ол алты сағатқа созылды. Жиынға қатысушылар «бұдан былай режимнің (Сирия президенті Башар Асадтың) барлық жауынгерлерін жау нысанасы» деп санауға шешім қабылдады.

Билеуші Әділдік және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик бұдан әрі Түркияның «Еуропаға өткісі келетін сириялық босқындарды жібермей ұстап тұра алмайтынын» жеткізді.

Түрік шенеунігіне сілтеме жасаған «Reuters» агенттігі ел билігінің полицейлер мен шекарашыларға Еуропаға барғысы келетін босқындарды тоқтатуға әрекет етпеуге тапсырма бергенін хабарлады.

Челик сондай-ақ Идлибте болған оқиғаны «НАТО-ның шабуылы» деп атады. ТАСС мәнбесінің мәліметінше, Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чашушоглу альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергке хабарласып, жағдайды баяндаған. Содан кейін Түркия Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибтегі шайқастар кезінде өз әскерилерінің қаза табуларына байланысты НАТО-ның шұғыл отырысын шақырған.

Отырыс жұма күні Солтүстік альянстың Брюссельдегі штаб-пәтерінде өтеді.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Twitter-ге Анкараның Солтүстік альянс келісімінің 4-бабына сүйеніп, шұғыл отырыс шақырып жатқанын жазды. Ал 4-бап «келісуші жақтар егер келісуші жақтардың бірінің территориялық тұтастығына, саяси тәуелсіздігіне немесе қауіпсіздігіне қауіп төнетін болса, барлық уақытта бір-бірінен кеңес алып тұрады» дегенді білдіреді.

«Al Mayadeen» телеарнасының мәліметі бойынша, түрік зеңбіректері Алеппоның солтүстігіндегі Телль-Рифаат қаласындағы Сирия әскерлерінің позициясын үздіксіз атқылаған. «Sabah» газетінің жазуынша, Идлиб провинциясының шығысында Сирияның бір жасауылы жойылып жіберілген.

Ресей Қорғаныс министрлігіндегілер лаңкестік «Хайят Тахрир аш-Шам» тобырының содырлары Идлибке кең ауқымды шабуыл жасауға әрекет еткенін мәлімдеді. Бірақ олар Сирия армиясының жойқын соққысына тап болған. Сол кезде содырлармен қанаттас тұрған түрік жауынгерлері де зеңбірек оғының астында қалған. Министрліктегілер сондай-ақ Ресей әуе қорғаныс күштерінің бұл аудандағы әрекеттерге араласпағанын білдірді.

Таңбалар: идлиб

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist