МИНСК. 20 қараша. Беларусьтің Гродно қаласында наразылық білдірушілерге айрықша қаталдығымен көзге түсіп, оппозицияның «қара тізіміне» кірген тәртіп сақшысының көлігі жарылды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Бұрын жеке басының мәліметтері «радикалды Telegram-арналардың біріне кірген» милиционердің автомобилі жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды», – деп жеткізді жұма күні республика тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
«Тергеудің мәліметі бойынша, 20 қараша күні сағат 01:30 (жергілікті уақыт) маңайында милицияға Гродно аулалапының бірінде қатты жаңғырыққа ұқсайтын жарылыстың орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы барды. Белгісіз біреулердің 41 жастағы жергілікті тұрғынның Skoda көлігін бүліншілікке ұшыратқаны анықталды. Жарылыстың көлік құралының алдыңғы бөлігін қиратып кеткені белгілі болды», – делінген хабарламада.
Тергеу комитетіндегілер атап өткендей, көліктің егесі өзінің милицияда қызмет ететінін және өзі туралы мәліметтердің бұрын радикалды Telegram-арналардың біріне жазылғанын» айтқан.
USD




