4 Қыркүйек, 18:09
RAST.kz
USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ғалымдар Жер бетіндегі жұмақты тапты

15 Маусым 2020 13:32
- Жаңалықтар, Таным
Ғалымдар Жер бетіндегі жұмақты тапты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 15 маусым. Ғалымдар Оңтүстік Африкадағы Палео-Агуало жазығы бір кездері Жер бетіндегі нағыз жұмақ болған деп отыр. Бұл туралы «Популярная механика» журналы хабарлады.

Оңтүстік Африкада адамның шығу тегін зерттеудегі ең маңызды сериялардың бірі – Пиннакл-Пойнт археологиялық ескерткіштер мүйісі бар. Археологтар мұнда жүргізіп жатқан жаңа зерттеуі бұл орынның ертедегі адамдар мен жан-жануарлар үшін өзіндік жұмақ болғанын айғақтайды.

Қазір теңіз жағалауындағы бұл бөлік судың астында жатыр. Бірақ, ғалымдардың болжамынша, ол ерекше экологиялық жүйе – Палео-Агуал жазығы болған. Осы орын ұзақ жылдар адамдар мен хайуанаттардың нағыз қолайлы үйі болған. Сол маңдағы теңіз жағалауынан көптеген үңгір табылған, оларда бұдан 170 мың жыл бұрын адамдар тұрған.

Зерттеу авторларының бірі археолог Кертис Мареин ондаған жылдардың көлемінде осы ерекше өңірді зерттеп, 2,6 млн мен біздің дәуірімізге дейінгі 11700 жылдар аралығын қамтыды. Ал оның серігі Джейми Ходжинкс әріптестерімен бірге ертедегі ет қоректі жануарлардың тістерімен айналысты, сөйтіп, олардың көші-қон тасқынын анықтауға күш салды. Олар антилопалардың көші-қонына назар аударды. Бұл тәсілдің өзі көміртегідегі изотоптар мен тіс эмаліндегі оттегіні зерттеуге бағытталған. Осы арқылы көші-қонның сипатын анықтауға болады.

Ғалымдар ешқайда көшіп-қонуды білмейтін редунок антилопасын діңгекке ала отырып, оларды көшіп-қонып жүретін басқа антилопаларды, айталық, гнудың эмалімен салыстырып қарады. Нәтижесінде жануарлардан ешқандай да көшіп-қону паттерндері табылмады. Бұл олардың бәрінің осы жерден ешқайда кетпей тұрғандарын, осы жер олар үшін жұмақ болғанын көрсетеді.

«Су жағалауы үңгірлерге жақындай түскен мұздықтар кезеңдері аралығында адамдарда моллюскі және басқа да теңіз азық-түліктері болған, ал су қайтып, жағалау ұлғая бастаған кезде жер кеңістігіндегі бай қорға қол созып отырған», – дейді ғалым.

Қазіргі зерттеу жұмыстары ашқан жаңалықты тағы бір еңбек қорытындысы расқа шығарып отыр. 2018 жылы Мареин тобының оқымыстылары Суматрадағы Тоба тауында бұдан 74 000 жыл бұрын жанартау атқылап, оның дүмпуінен қыс уақытының ұзаққа созылғанына қарамастан, Пиннакл-Пойнттағы адамдар тек аман қалып қана қоймай, мамырақан заманда өмір сүргенін анықтады.

Таңбалар: палое-агуал

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

    «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist