8 Қыркүйек, 20:09
RAST.kz
USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни басқармадағы дүмбілездік

23 Шілде 2019 13:51
- Тіршілік
Діни басқармадағы дүмбілездік
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бұдан бұрын сайтымызда «Бас мүфтиді патриарх Кириллмен салыстыру кімге керек болды?»деген тақырыпта мақала жарияланған. Мақала оқырман қауымды бей-жай қалдырмаса керек. Саясаттанушы Ерлан Саиров осы мақалада көтерілген мәселеге байланысты өз пікірін жолдапты. Автордың пікірін өзгертпей, қаз-қалпында беріп отырмыз. 

Айдын Олжаев

Ерқанат Әбени еліміздің Бас Муфтиі жөнінде пікірін білдірген екен. Мойындау керек, соңғы кездері еліміздің Діни басқармасының үні әлсіреп бара жатқаны — шындық.

Бірақ осы олқылық үшін дәстүрлі діндарларды кінәлау әбестік тәрізді. Таразыны тең қарастыратын болсақ, дін ағымдары арасында да лобби, өз мүдделерін «тықпалау» әдістері қалыптасқан.

Осы «лобби» мәселесі бойынша, біздің Ханафиттік ұстаным көш-керуен қалып қойған. Мен өз басым, дін мәселесімен кәсіби айналаспасам да, сырт көз сараптама жасап, дін өкілдерімен оқтын-оқтын хабарласып жүремін.

Соңғы кездері мынадай тенденция пайда болды, діни ұстанымы қазаққа жақын, Орта Азия, Қазақстанда діни сауат алған имамдар Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасынан қуылып жатыр.

Оның арғы жағында мүдделер тоғысы тұр.

Қай бағыттың мүддесі екендігі бесенеден белгілі. Бұл да үлкен проблема. Жоғары жақта басқа діни ағымдардың мүдделері «шегеленіп» тасталған деген пікір де жоқ емес, халық арасында.

Осы сеңді қалай бұзуға болады?

Бұл мәселені мемлекет, қоғам болып бірлесе шешу керек.

Менің ойымша, Дін мәселесін кешенді түрде шешетін уақыт жеткен тәрізді. Осы мақсатта келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет деп санаймын:

  1. Дін Комитетінің құзырын кеңейтіп, қайтадан агенттік құру қажет.
  2. Елімізде дәстүрлі дін мәселесін кешенді оқытатын Орта Азиялық дәстүрлі Дін және мәдениет университетін құру қажет. Ол жерге дәстүрлі дін бағытындағы теолог, дін теоретиктерін, өз еліміздегі практиктерді жию қажет.
  3. ҚМДБ-нің құзыретін арттыра отырып,қоғам мен дін институттарының арасындағы байланысты күшейту керек.
  4. ҚМДБ-нің жанынан қоғамдық кеңес құрып, оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлерін, саясаттанушы, әлеуметтанушыларды кіргізу маңызды.
  5. Жер-жердегі мешіттердегі уағыздардың мән-жайын, мазмұнына жұртшылық болып сараптама, бақылау жасау қажет.
  6. Мектепте, бала бақшаларда дәстүрлі дін негіздерін енгізу өзекті. Бұл өте маңызды, өйткені бала кезінен дәстүрлі исламның не екендігін білетін жеткіншек, басқа бағыттың елегіне түспейді.
  7. Дін мен мәдениет егіз ұғым, қазақтың дәстүрлі мәдениетін елімізде төрге шығару тетіктерін жасау қажет.

Ұқсас мақалалар

ЕГОР ГАЙДАРДЫҢ ҚҰРДАСЫ
Жаңалықтар

ЕГОР ГАЙДАРДЫҢ ҚҰРДАСЫ

08.09.2026
Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)
Әлеумет

Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

07.09.2026
ҰҚК өзбек профессорының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

ҰҚК өзбек профессорының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

06.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

  • Путин өзінің кортежіне пулемет орналасқан пикапты қостырып қойды 

  • Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist