8 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Демократияның тағы бір салтанаты

16 Қараша 2020 22:22
- Көзқарас
Демократияның тағы бір салтанаты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының конференциясы болып өтті. Ол бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, депутаттар сайлауындағы жаңа бір кезеңнің басталғанын көрсетіп, праймериздің демократиялық принциптерді шын мәнінде қамтамасыз ете алатынын анық танытты. Партияның ішкі іріктеу сайлауы өзін өзі толық ақтағандай жылы әсерге бөледі. Осылайша сайлаудағы демократияның тағы бір қырынан салтанат құруға кіріскеніне көз жетіп, көңіліміз көтеріліп қалды.

Сөз басында осы «праймериз» дегеніміз не екен, соған қысқаша тоқталып өтейік.

Праймериз – саяси партиялардың дауыс беру жолымен сайланбалы лауазымдарға кандидаттар ұсынуының тәсілі. Ол сайлаушылардың кандидатураларды іріктеу процесіне қатысуларын қамтамасыз етеді. Кезінде ол АҚШ саясаткерлерінің партия белсенділерін ашық, жария жолмен іріктеп, таңдап алуы үшін ойластырылып шығарылған жүйе екен. Праймериз деген сөздің өзі біздің тілімізге аударғанда, «іріктеу» деген мағына береді. Кейде мұны «алдын ала сайлау» немесе «алдын ала дауыс беру» деген ұғымда да қолдануға болады. Мұның мәні бір партияда есепте тұратын пікірлестер, жақтастар арасында алдын ала сайлау өткізуге саяды. Мұны партияластар өз араларындағы көпшіліктің қолдауына ие бола алатын нағыз лидерлер мен белсенділерді анықтап, іріктеп алға шығару үшін қолданады.

Тарихқа үңіліп қарасақ, праймериздің алғашқы үлгісінің Америкада тіпті XVIII ғасырдың соңғы жағында-ақ пайда болғанын байқаймыз. Тағы бір айтатыны, АҚШ Конституциясында жоғары мемлекеттік органдарға кандидаттарды ұсыну процедурасы жазылмаған. Ол саяси партиялардың құжаттамаларында да атап көрсетілмеген. Мұның бәрін партия ішілік іріктеулер өз бетінше шешіп отырды. Елде 1796 жылдан бастап Конгресс мүшелерінің формальды емес кездесулері кезінде осылайша іштен іріктеу жолымен алдағы сайлауға қатысатын үміткерлердің есімдері анықтала бастады. Кейін кандидаттарды ұлттық партиялық съездер (конвенттер) анықтайтын болды. Мұндай съезді бірінші болып 1831 жылы шағын Антимасондық партия өткізді. Келесі жылы осы тәсілді Демаократиялық және Ұлттық республикалық партиялар (қазіргі таңда елдегі ең негізгі партиялар осылар) қолданды. Ал 1903 жылы сайлауды міндетті түрде праймериз тәртібімен өткізу жөніндегі заңды Висконт, 1910 жылы Орегон штаттары қабылдады. 1913 жылы президент Вудро Вильсон өзінің «Конгреске хат» деп аталатын сөзінде праймериз жүйесін жасау қажеттігі жөнінде бір тармақ енгізді. Қазіргі таңда елдегі барлық 50 штатта президент сайлауының бастапқы басқышы осы праймериз тәртібімен жүргізіледі.

Соңғы жылдары аталмыш Құрама Штаттар аумағынан шығып, әдіс әлемге біртіндеп жайылып, кеңге етек алып келеді. Мәселен, Францияның, Италияның, Грекияның, Австралияның, Израильдің және Ресейдің жекелеген партиялары праймериз арқылы іріктеу үдерісін қолдана бастады. Биылғы жылдың жазына дейін ол біз үшін де бейтаныс жүйе еді. Сондықтан ол туралы алғаш рет сөз қозғалып жатқанда, көпшілігіміз оның байыбы мен байсалына дендеп бара алмадық. Бірақ артынша онлайн жүйесімен дауыс беру басталған кезде, оның шынында барынша мөлдір, ашық, бақылаулы нәрсе екеніне куә болдық. Өйткені, басынан бастап үміткерлер арасында кімнің қанша дауыс алып келе жатқанын көріп отырдық. Онда көбірек дауыс жинағандардың бұдан кейін партия конференциясында да мүмкіндіктері жоғары болатынын байқадық. Алайда, бұл жерде жиынға қатысушы партия мүшелерінің жаңаша дауыс берулерімен алдыңғы көрсеткіштің ептеп өзгеріске түсіп жататынын да біліп қалдық. Мұның алғашқы көрінісін жақында ғана өткен қалалық партиялық конференцияда көрдік. Ал бүгін облыстық конференция оған біршама корректуралар жасап берді. Дегенмен, осының бәрінен біз демократияның жаңғырығын сезініп отырдық.

Елбасы праймериз жайында алғаш сөз қозғаған кезінде-ақ мұның партия құрамына тың серпін мен жаңа толқын әкелетінін айтып еді. Енді сол айтқаны айдай келгеніне де куә болып жүрміз. Бұдан әрі партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек: «Праймериздің негізгі мақсаты – партияға жаңа адамдарды әкелу. Ол – заман талабы», – деген еді. Оның төраға сөзінен шығарып айтқан бұл тұжырымы өмірмен үндес болып шықты. Осы күндері праймериздің әсерінен партия қатарына жаңадан 40 мыңнан аса адам қабылданыпты. Мұндай толқын бұған дейін болған жоқ еді. Ең бастысы, партияның қарапайым мүшелеріне дейін сайлауға үміткер болып қатыса алатындай дәрежеге жетті. Олардың бұл жолда табысқа жетулері де өздеріне көп байланысты екенін біраз адам пайымдап та үлгерді.

Сондықтан да біз праймериздің алғашқы нәтижелерін демократияның салтанат құруының нақты көріністерінің бірі деп батыл айта аламыз.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Таңбалар: праймеризСерік Дүйсенбаев

Ұқсас мақалалар

Пандемия – парасат-пайым таразысы
Көзқарас

Пандемия – парасат-пайым таразысы

03.11.2020
Праймериз парқындағы пайым
Көзқарас

Праймериз парқындағы пайым

21.09.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist