4 Қыркүйек, 19:09
RAST.kz
USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Челахтың өзін өзі өлтіргені қаншалықты рас?

6 Наурыз 2020 17:27
- Жаңалықтар, Тіршілік
Челахтың өзін өзі өлтіргені қаншалықты рас?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 6 наурыз. Өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген Владислав Челахтың өзіне өзі қол жұмсап, қайтыс болғаны жайлы қауесет тарап жатыр. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Порталдың жазуынша, өмірлік жаза алған Челах туралы суық ақпарат тарағаннан кейін оның қаншалықты өтірік-рас екенін анықтау үшін «Караван» газетінің тілшісі ҚАЖК басшылығына барады. Ақырында олар өлім жазасына кесілгендер колониясына кіруге рұқсат алады.

Колонияда Челах журналиспен сөйлесуден бірден бас тартады. Бірақ тілші біраз жалынғасын көнген сыңай танытады. Ал камерада журналиске бойы екі метрге жуық еңгезердей жігіт жолығады. Ол баяғы сот залындағы жас сарбаздың бейнесіне мүлдем ұқсамайды екен.

Қысқаша сұхбат берген Владислав өз мәлімдемесін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға үзілді-кесілді келіспейді. Колония қызметкерлері фототілшінің Владиславты түсірген барлық рәсімдерін түгел дерлік жойып жіберуге мәжбүр етеді.

Журналистер колониядан шыққаннан кейін дереу Челахтың қазір Калининградта тұрып жатқан анасымен хабарласады.

«Влад бізге ештеңе айтқан жоқ, – деді анасы Светлана Ващенко. – Оның айтатын жалғыз сөзі сол – ол ешкімді де өлтірмеген. Бірақ кімдердің қатысы болуы мүмкін екенін де білдірмейді. Тіпті ымдап та жеткізбейді. Кездесуде бізге бұл туралы сөйлесуге рұқсат берілмейді. Бар әңгімеміз тек отбасы мен туыстар туралы ғана өрбиді. Бөтен сұрақтар қойылмауы керек».

2012 жылдың жазында 15 шекарашы қызмет еткен «Арқанкерген» уақытша шекара бекетінде қанды қырғын орын алды. Казарма ғимараты өртеніп, соңынан 14 адамның мәйіті табылды. Таяу жерде орналасқан аңшылар үйінен егерьдің денесі шықты. Бірнеше күннен кейін шекарашылардың ішінде аман қалған жалғыз адам – ​​19 жастағы қатардағы қызметкер Челах ұсталды.

Әуелгіде қылмысты мойындаған ол кейінірек өзі берген айғақтардан бас тартты. Соған қарамастан, 2012 жылдың 11 желтоқсанында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық соты оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Таңбалар: владислав челах

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

    «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist