4 Қыркүйек, 18:09
RAST.kz
USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүгін Белградта бокстан әлем чемпионаты басталады

24 Қазан 2021 08:35
- Жаңалықтар, Сайыс
Бүгін Белградта бокстан әлем чемпионаты басталады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕЛГРАД. 24 қазан. Бүгін Сербияның астанасы – Белград қаласында бокстан 21-ші әлем чемпионаты басталады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Қазақстан құрамасы жаһан біріншілігіне мына құрамда аттанды: Теміртас Жүсіпов (48), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмуд Сабырхан (54), Серік Теміржанов (57), Саматәлі Төлтаев (60), Санатәлі Төлтаев (63,5), Абылайхан Жүсіпов (67), Асланбек Шымбергенов (71), Нұрқанат Райыс (75), Нұрбек Оралбай (80), Бек Нұрмағамбет (86), Айбек Оралбай (92), Нұрлан Сапарбай (+92).

Енді чемпионатта жоғары орындар үшін таласатын Куба, Ресей және Өзбекстан құрамаларының құрамдарымен де таныстырып өтейік.

КУБА: Билли Родригес (48), Дамиан Арсе (51), Йосбани Вейтия (54), Освел Кабальеро (57), Ласаро Альварес (60), Энди Круз (63,5), Кевин Браун (67), Рониель Иглесиас (71), Йоэнлис Фелисиано Эрнандес (75), Херих Руис (86), Хулио Сезар Ла Круз (92), Дайниер Перо (+92).

РЕСЕЙ: Эдмонд Худоян (48), Ахтем Закиров (51), Курбан Байранбеков (54), Эдуард Саввин (57), Всеволод Шумков (60), Илья Шакиров (60), Евгений Кооль (63,5), Вадим Мусаев (71), Джамбулат Бижамов (75), Савелий Садома (80), Шарабутдин Атаев (86), Андрей Стоцкий (92), Марк Петровский (+92).

ӨЗБЕКСТАН: Нодиржон Мирзахметов (48), Хасанбой Дусматов (51), Шахобиддин Зоиров (54), Миразизбек Мирзахолилов (57), Абдумалик Халаков (60), Мужибулло Турсунов (63,5), Асадхужа Муйдинхужаев (67), Шахрам Гиясов (71), Саиджамшид Жафаров (75), Одилжон Аслонов (80), Шохжахон Абдуллаев (86), Мадияр Саидрахимов (93), Лазизбек Мулдажонов (+92).

Байқалып тұрғандай, Куба және Ресей құрамаларында бір боксшыдан кем, яғни сайысқа 12 салмақ дәрежесі бойынша спортшылар апарды. Ал Қазақстан мен Өзбекстан терме жамағаттары барлық 13 салмақта та күш сынасады.

Айтқандай, бұл жолғы әлем чемпионаты тарихта бірінші рет 13 салмақ категориясы бойынша өткелі жатыр.

Турнирдің бұдан басқа да жаңалығы бар. Атап айтқанда, тарихта бірінші рет жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етіледі. Атап айтқанда, чемпион атанғандар – 100 мың АҚШ доллары, күміс жүлдегерлер – 50 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сый алады. Жүлде қоры 2,6 млн долларды құрайды

Турнир бүгін, 24 қазан күні сөреден шығып, 6 қарашада мәреге жетеді.

Сайыстар Белградтың «Штарк Арена» атты спорт кесенесінде өтеді.

Белград бұған дейін бір рет әлем чемпионатын қабылдаған еді. Ол 1978 жылы 6-20 мамыр аралығында өткен. Сандық реті бойынша екінші болған сол турнирде алматылық Валерий Рачков 67 кг салмақта чемпион атанып, қазақстандықтар арасынан бұл атаққа бірінші болып қол жеткізген-ді. Ал бірінші чемпионат 1974 жылы Кубаның астанасы – Гавана қаласында жалау көтерген болатын. Онда совет боксшылары арасынан 60 кг салмақта пермьдік Василий Соломин, 75 кг салмақта ташкенттік Руфат Рискиев чемпион атанған еді.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін чемпионаттан тікелей транцляция «Қазспорт» телеарнасынан 24 қазаннан көрсетіле бастайды. Күндізгі сессия бүгін Астана уақытымен 17:00 сағатта, кешкі сессия 22:00 сағатта басталады.

Таңбалар: Белградбоксчемпионат

Ұқсас мақалалар

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026
Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді
Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді

21.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

    «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist