13 Қазан, 09:10
RAST.kz
USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Брюссельде Астана хабының жұмысы үлгі етілді

5 Наурыз 2020 20:36
- Жаңалықтар, Жаһан
Брюссельде Астана хабының жұмысы үлгі етілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 5 наурыз. Брюссельде ЕО елдері Астана мемлекеттік қызмет хабы жұмыс тәжірибесін талқылады. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz  хабарлады.

«Брюссельде «Орталық Азиядағы мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатындағы әріптестік – Қазақстанның рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Қазақстанның, Қырғызстанның өкілетті органдары, Бельгия үкіметі, Еурокомиссия, БҰҰ, Қазақстанның және ЕО мүше елдер дипломатиялық миссия  өкілдері, Астана мемлекеттік қызмет хабы делегациясы қатысты», – делінген хабарламада.

Брюссельдегі БҰҰ Даму бағдарламасы өкілдігінің директоры Барбара Песке-Монтейро өз сөзінде Астана хабы тұғырнамасы мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты нығайту үшін «ғажайып мүмкіндік» екенін айтты. Ол, әсіресе, жаңа технологиялар дамуы мен цифрландыру кезеңінде осындай біріктіруші тұғырнама айрықша маңызды екенін әңгімеледі. Өйткені, «сан қырлы мемлекеттік қызмет жүйесі әртүрлі құралдарды қажет етеді, ал іргелі жұмыс істеу тәсілдері – әркімде әртүрлі», – деді Песке-Монтейро.

Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов қазіргі таңда хаб көп жақты жаһандық тұғырнама ретінде 42 қатысушы-ел мен 55 институтты ұйымның жұмылдырылатынын жеткізді.

Бельгия корольдігіндегі Қазақстан елшілігі кеңесші-уәкілі Ерболат Сембаев өз сөзінде «мемлекеттік басқару сапасы көп жағдайда кадрлерді дайындау сапасымен анықталатынын» айтты. Осы контексте Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасының кең ауқымды жобасы – Астана мемлекеттік қызмет хабы жұмысы өте өзекті екенін атап өтті. Кеңесші-уәкіл өз сөзінде 15 наурызда 25 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым Астана хабын құру туралы декларация қабылдағанына 7 жыл толатынын хабарлады.

Талқылау барысында Еурокомиссия мен бірақатар мемлекет өкілдері аймақтық ынтымақтастық тұрғысында Астана хабы жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерін зерделеуге ықылас танытты. Жиынға қатысқан әртүрлі ел қатысушылары хаб жұмысына жоғары баға бере отырып, әрі қарай ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Сонымен бірге, қатысушылар мемлекеттік басқару саласындағы озық еуропалық тәжірибені зерттеу мен қолдану барысы бойынша пікір алмасты. Оған қоса, хабтың мемлекеттік қызмет саласында әлеуетті нығайту, зерттеулер жасау, білім мен тәжірибе алмасу бойынша жұмыстары мен жаңа сараптамалары қатысушылар назарына ұсынылды.

Тараптар ЕО елдерінің озық тәжірибесін таратуда және аймақ елдерінде тиімді мемлекеттік қызмет жүйелерін ілгерілету бойынша әріптестікті кеңейту жолдарын қарастырды. Еуропа одағы – Астана мемқызмет хабы құрылтайшыларының бірі. Қазіргі таңда Еуропа одағына мүше 11 мемлекет – Астана хабына қатысушы ел.

Бұл шараны Брюссельдегі БҰҰ ДБ өкілдігі Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі елшілігінің қолдауымен өткізді.

Таңбалар: астана хабы

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

    «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist