11 Қараша, 14:11
RAST.kz
USD USD 447.52 ₸
EUR EUR 502.21 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бірінші Вице-премьер Өскеменде гематология орталығы ашылуына қатысты

31 Қазан 2026 15:19
- Әлеумет, Жаңалықтар
Бірінші Вице-премьер Өскеменде гематология орталығы ашылуына қатысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ӨСКЕМЕН. 31 қазан. Үкімет жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев кеше Өскемен қаласында гематология орталығының ашылуына қатысты. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бірінші Вице-премьер Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында гематология орталығының ашылу рәсімін де қамтыды. Салтанатта Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да болды.

Жаңа медициналық мекеме Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының тұрғындарына күрделі гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді. Басты мақсат азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы әрі уақытылы медициналық көмек алуына жағдай жасау болмақ.

Ауқымды жобаның құрылысы 2020 жылы басталған. Өткен жылы Президент тапсырмасымен нысан құрылысын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлінді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медициналық нысандарды салып қана қоймай, олардың тиімді жұмыс істеуіне және халыққа нақты пайда әкелуіне мән беріледі. Сондықтан орталықтың білікті мамандармен қамтылуы, заманауи жабдықтардың тиімді пайдаланылуы және медициналық қызмет сапасы басты назарда болуы тиіс. Гематология орталығы Шығыс Қазақстанның ғана емес, көршілес өңірлердің де тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсететін маңызды нысанға айналады деп сенеміз!», – деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Орталық әлемнің жетекші өндірушілерінің заманауи диагностикалық және емдеу жабдықтарымен жарақтандырылған. Жоғары технологиялық жабдықтар онкогематологиялық аурулар мен қан тамырлары патологияларын дәл диагностикалауға мүмкіндік береді. Дәрігерлер, инженерлер мен медбикелер жетекші республикалық және шетелдік клиникаларда білімін жетілдірген.

Негізгі корпус 148 орынға арналған. Оның құрамында 24 орындық балалар стационары, 30 орындық соматикалық бөлім, 25 орындық ересектерге арналған гематология бөлімі, 37 орындық кардиология, 20 орындық кардиохирургия, 12 орындық сүйек кемігін трансплантациялау бөлімі бар.

Кешен құрамына сондай-ақ 24 орындық үш қабатты пансионат та кіреді. Ол оңалтудан өтіп жатқан пациенттерге және жақындарына бірге уақытша тұруға арналған. Үш ғимараттың жалпы ауданы 38 мың шаршы метрден асады.

Таңбалар: гематология орталығыӨскеменШығыс Қазақстан

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев еліміздің ең биік таулы жеріндегі көлік көпірінің ашылуына қатысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев еліміздің ең биік таулы жеріндегі көлік көпірінің ашылуына қатысты

31.10.2026
Әлемге аты танылған «Бүркітші қыз» Шығыс Қазақстанға көшіп келді
Жаңалықтар

Әлемге аты танылған «Бүркітші қыз» Шығыс Қазақстанға көшіп келді

28.01.2024
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа аудандар құрылады
Аймақ

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа аудандар құрылады

23.10.2023

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • СЫРБАЗ

    СЫРБАЗ

  • Қызылордада Сахи Романовтың 100 жылдығына орай өткен суретшілер симпозиумы аяқталды

  • АРАЛ, НҰРТУҒАН, НЕГИМОВ ЖӘНЕ АМАНЖОЛ…

  • Трампты қандай тағдыр күтіп тұр?

  • Сырдария ауданында жүгері кептіру мен сақтау кешені пайдалануға берілді

  • Қызылордада Президент Жолдауын түсіндіру ақпараттық тобы бірнеше кездесу өткізді

  • Нейрохирургтер сирек ми патологиясы бар балаға бірегей операция жасады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.52 ₸
EUR EUR 502.21 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist