4 Қыркүйек, 19:09
RAST.kz
USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бердібек Сапарбаев Қытай компаниясын орнына қойды

2 Мамыр 2020 09:35
- Аймақ, Жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев Қытай компаниясын орнына қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 2 мамыр. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына сапары барысында жол жұмыстарын атқарып жатқан Қытай компаниясын тәртіпке шақырып, орнына қойып берді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Аймақ басшысы «Меркі – Бурылбайтал» жолының құрылысын өз көзімен барып көрді. Бұл ірі жобаны Қытайдың «China Xinxin Corporation» және Қазақстанның «АБК-Автодор НС» компаниялары жүргізіп жатыр. Қытай компаниясы сондай-ақ 35,6 шақырымдық «Балқаш – Бурылбайтал» жолының құрылысын салуды да қолға алған. Ал Todini and SMS» компаниясымен бірге 62 шақырымдық «Күрті – Бурылбайтал» жолын салуға қатысуда.

Әкіммен кездесуге сондай-ақ 16 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» жолын салып жатқан «ҚазЖолҚұрылыс» компаниясының өкілдері де қатысты.

Аудармашының араласуымен қытайлық мердігерлермен сөйлескен Бердібек Сапарбаев олардан бірінші кезекте Қазақстан заңдарын бұлжытпай орындауды талап етті. Атап айтқанда, Қытай компанияларындағы айлық жалақының өте төмен екенін айтып, енді оны жыл сайын кемінде 10 пайыз көтеріп тұруға тиіс болатынын еске салды. Аймақ басшысы сондай-ақ компаниядағы барлық жұмысшылар – қытайлықтар мен қазақстандықтар үшін еңбек жағдайы, соның ішінде жалақы, тамақтану және жатын жай мәселесі бірдей болуы керек екенін қадап айтты.

Бердібек Сапарбаев жол бойларында төрт түлік мал өтетін арнайы бөліктер, жөндеу бекеттері үшін орындар, арықтар мен көпірлер болулары керектігін де ескертті. Мұндағы жол құрылысы жұмыстары жақын маңда тұратын жергілікті тұрғындардың 13 үйінің қабырғаларына сызат түсуіне апарып соқтырған. Оларды жөндеу үшін 8,5 миллион теңге қаржы қажет. Міне, осы жұмысты компания 15 күннің ішінде бітіріп беруі керек.

«Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген ұғым бар. Бізде жұмыс істеп жатқан компаниялар құрылыс нысанына жақын орналасқан елді мекендердің, аудандар орталықтарының әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдем береді. Тұрмыстары төмен отбасыларына, көп балалы отбасыларына, әсіресе, қазіргі коронавирус жағдайында көмектесіп тұратын болулары керек. Қазақстан жерінде республика заңдары, соның ішінде «ҚР тілдері туралы» заң бұлжытпай орындалуға тиіс. Бізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сондықтан барлық маңдайшалар, соның ішінде кіреберістегі компания аты да міндетті түрде қазақ тілінде жазылып тұруы керек. Мен мұнда тағы келіп, өз тапсырмамның қалай орындалғанын тексеретін боламын. Олардың орындалуын бақылауға алуды «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы филиалының басшылығына жүктеймін», – деді Бердібек Сапарбаев.

Қытай компаниясының басшылары облыс әкімінің талаптарымен толық келісетіндерін білдіріп, тапсырмаларының бәрі орындалатына уәде берді.

Бұдан кейін өңір басшысы «Меркі – Бурылбайтал» жолының бір бағыты жыл соңына дейін бітетін-бітпейтінін сұрап, 2021 жылы құрылыстың толық аяқталып бітуі керек екенін ескертті.

«Тағы қайталаймын: заңды бұлжытпай орындаңыздар және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытпаңыздар», – деді Бердібек Сапарбаев кетерінде.

Таңбалар: Бердібек Сапарбаев

Ұқсас мақалалар

ТОЛҚЫНДА ТУҒАН ТҰЛҒА
Таным

ТОЛҚЫНДА ТУҒАН ТҰЛҒА

10.06.2024
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден өтті
Әлеумет

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев өмірден өтті

10.06.2023
Таразда Жамбылдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталды
Аймақ

Таразда Жамбылдың 175 жылдығын тойлау шаралары басталды

27.02.2021
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

    «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 455.86 ₸
EUR EUR 528.84 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist