13 Қазан, 10:10
RAST.kz
USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белгілі боксшы Бақтай Сәпеев қайтыс болды

27 Ақпан 2020 19:08
- Жаңалықтар, Тіршілік
Белгілі боксшы Бақтай Сәпеев қайтыс болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 27 ақпан. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бақтай Сәпеев 67 жасында бақилық болды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Осыған орай Қазақстан бокс федерациясы өз сайтында марқұмның отбасына көңіл айтылған хабарлама жариялады. «Қазақстан бокс федерациясы Бақтай Сәпеевтің өмірден өтуіне байланысты Сәпиевтердің отбасына қайғырып көңіл айтады», – делінген онда.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да Бақтай Сәпеевтің отбасына көңіл қосын білдірді.

 

Бақтай Дәуітұлы Сәпеев 1953 жылғы 29 маусымда Ақмола қаласында туған.

Бақтай Сәпеев – КСРО спорт шебері (1972 ж), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1973 ж), КСРО-ның жастар арасындағы 1973 жылғы чемпионы, 1972 жылғы күміс жүлдегері, ересектер арасындағы 1974 жылғы күміс, 1976 жылғы қола жүлдегері, Қазақстанның 1972, 1973 жылдарғы чемпионы, «Достық» ойындарының 1973 жылғы жеңімпазы. Ол 1973-1976 жылдары КСРО құрамасы сапында болды.

Бақтай Сәпеев 1974, 1975 жылдары КСРО-АҚШ боксшыларының дәстүрлі матчтық кездесулеріне қатысып, үш ұрыс өткізді. Бұлардың екеуінде жеңіске жетіп, бір рет жеңіліп қалды. Атап айтқанда, 1974 жылы мамыр айында Алматыда өткен бірінші бәсекесінде Майк Аяладан ұпай санымен ұтылса, 1975 жылы қаңтар айында АҚШ-тың Саут-Лейк-Тахо қаласындағы жекпе-жекте Лионель Хэрниді 2-раундта нокаутпен жеңді, Нью-Йорк қаласындағы шайқаста Луис Куртисті ұпай санымен тізе бүктірді.

Бақтай рингпен 1976 жылдың соңында 23 жасында қоштасты. Бұдан кейін ұзақ жылдар Абай және Қызылорда қалаларындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жаттықтырушы болып қызмет атқарып, балғын боксшыларды дайындады.

Бақтай – әлемнің екі дүркін және Олимпиялық ойындардың чемпионы Серік Сәпиевтің ағасы. Ол Серіктің әкесі Жұманғалидің туған інісі болып келеді. Кезінде Серікті қолынан жетелеп, Абай қаласындағы бокс үйірмесі ертіп апарған да осы Бақтай ағасы болатын.

Бір әке-шешеден бірге жаратылған інісі Бақтайды қатты жақсы көргені сондай, ағасы Жұманғали өзінен туған үш ұлдың бірін – Серік, екіншісін Сергей деп атаса, үшіншісіне Бақтай деген есім берген екен.

Бір кездергі қазақ боксының жарқын жұлдызы енді өмірден өтіп бара жатыр.

Қош бол, Бақтай! Жатқан жерің жайлы болсын.

***

Одақтық «Советский спорт» өзінің 1973 жылғы 20 қарашадағы нөмірінде Бақтай Сәпеев туралы төмендегідей заметка жариялаған еді. Таныс болыңыздар:

 

 

Таңбалар: Бақтай Сәпиев

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

    «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist