6 Қыркүйек, 14:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден өтті (видео)

25 Ақпан 2020 18:54
- Жаңалықтар, Тіршілік
Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден өтті (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТҮРКІСТАН. 25 ақпан. Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов қайтыс болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Қаза жайлы ақпарды Түркістан облыстық спорт басқармасы растады.

Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында туған.  Әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүл Шойбекова 4 ұл тәрбиелеп-өсірген.  Бекзат – үйдің кенжесі. Оның алдында Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.

Бекзат Саттарханов – бокстан қазақтар арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.

Жасы жиырмадан жаңа асқан жас ұлан 2000 жылы тамыз айында өткен Сидней Олимпиялық ойындарында жартылай жеңіл салмақта (57 килоға дейін) чемпион атанды. Ол осы аламанда 5 рет рингке шығып, 1/16 финалда румын Овидий Бобирнатты (14:5), 1/8 финалда оңтүстік африкалық Джеффрей Матхебуланы (16:5), ширек финалда түркиялық Рамазан Палианиді (12:11), жартылай финалда марокколық Тахар Тамсаманиді (22:10), ал финалда АҚШ өкілі, 1999 жылғы әлем чемпионы Рикардо Хуаресті (22:14) ұтты.

Бекзат 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 23-45-те Шымкент қаласының маңындағы «Темірлан» бекетінде жол апатына ұшырап, қаза тапты.

Бекзат шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.

Қош бол, қазаққа Бекзат сынды жарқ еткен жарық жұлдызды берген асыл азамат! Алла алдыңнан жарылқасын.

***

Төменде Бекзаттың Сидней Олимпиадасының финалында Рикардо Хуареспен өткізген шайқасын беріп отырмыз:

Таңбалар: Бекзат Саттарханов

Ұқсас мақалалар

Қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш Олимпиада жеңімпазы
Сайыс

Қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш Олимпиада жеңімпазы

05.04.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist