8 Қыркүйек, 20:09
RAST.kz
USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Басшысы эстонша білмейтін лицейге қаржы бермеу ұсынылды

16 Қазан 2020 12:35
- Жаңалықтар, Қайнар
Басшысы эстонша білмейтін лицейге қаржы бермеу ұсынылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАЛЛИН. 16 қазан. Эстония астанасындағы Линнамяэ орыс тілді лицейінің директоры орыс тілін жетік білмейтін болғандықтан, бұл мектепке бюджеттен қаржы бөлмеу ұсынылды. Бұл туралы Deifi.ee хабарлады.

«Таллиндегі Линнамяэ орыс тілді лицейінің директоры көптеген жылдар бойы эстон тілінен емтихан тапсырғанда, талап етілетін дәрежеге дейін жете алмай келеді. Бұған қоса, мектептің галереясында Ресейдің Эстония республикасындағы елшісінің, Ресей музейі директорының, сондай-ақ Нарва православие шіркеуінің епископы Лазарьдің суреттері ілулі тұр», – делінген хабарламада.

«Бұдан үш жыл бұрын қаланың вице-мэрі Михаил Кылварт (айтқандай, бұл азамат 1977 жылы 24 қарашада Қызылорда қаласында туған, қазір Таллин қаласының мэрі – rast.kz) Линнамяэ орыс лицейінің директоры Сергей Гаранжа өзінің эстон тілін білуін жақсартады деп үміт артып еді, бірақ биылғы қыркүйек айының соңында ол кезекті мәрте емтиханда құлады», – делінген бұдан әрі.

Тіл жөніндегі департаменттің бастығы Ильмар Томуск осыған байланысты Deifi.ee тілшісіне берген сұхбатында директордың мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі бірінші рет 1997 жылы тексерілгенін, сол кезде Гаранжаның емтихан тапсыра алмағанын айтты. Бір жылдан кейі педагог тағы да сынаққа түсіп, тағы да оны сәтсіз тапсырған.

«Сол кезде-ақ қаланың Ласнамяэ бөлігінің білім бөліміне эстон тілін жетік білмейтініне байланысты директорды қызметінен босату туралы ұсыныс беріліпті. Бірақ ол содан бері 22 жыл өтсе де, сол орнында әлі отыр», – деп жазады портал.

Томусктің айтуынша, шын мәнінде Гаранжа 2005 жылы-ақ директордың орынтағымен қоштасқан екен. Осыдан кейін ол директордың міндетін атқарушы лауазымына ауыстырылыпты, бірақ, тіл жөніндегі департаментке белгілі болғанындай, 15 жылдың көлемінде бұл орынның ваканттық лауазымы үшін бірде-бір мәрте конкурс жарияланбапты.

Биылғы жылы тіл жөніндегі тексеріс тағы өтуге тиіс болған екен. Бірақ коронавирус пандемиясы оның кеш өтуіне себепкерлік етіпті, сөйтіп, ол 23 қыркүйекте жасалған. «Тексеру барысында мектеп басшысының эстон тілін үйрену курстарына бармағаны, бәрін өзінше үйренуге тырысқаны анықталды. Тіл инспекторлары оның тілді білу деңгейін бұрынғыларынан бір де көтерілмегеніне көз жеткізді», – деді Томуск.

«Енді мұндай директор басқарып отырған білім мекенін мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың қаншалықты қажеттілігі бар? Болмаса орын қызметінен алып тастауға кім кедергі келтіріп отыр?» – деген сұрақ қояды ол.

Таңбалар: директорлицейэстон тілі

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

  • Путин өзінің кортежіне пулемет орналасқан пикапты қостырып қойды 

  • Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist