8 Қыркүйек, 20:09
RAST.kz
USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Башқұртстанда Куштауды қорғаушылар билікпен шайқасты

17 Тамыз 2020 20:00
- Жаңалықтар, Оқиға
Башқұртстанда Куштауды қорғаушылар билікпен шайқасты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УФА. 17 тамыз. Кеше Башқұртстанда қасиетті Куштау шиханын қорғаушылар тобы құқық қорғау органдарының сарбаздарымен шайқасты. Бұл туралы ОВД-Инфо хабарлады.

Башқұрт тілінде «шихан» деген сөз жеке тұрған шағын тауды не төбешікті білдіреді.

Мәселе мынада. Биылғы тамыз айының басында жергілікті жұрт қасиетті мекен санайтын Куштау төбешігіне ауыр техникалар шығарылып, олар қыратты жермен-жексен етіп тегістеуге кірісіп кетеді. Себебі, оның астында әктің орасан зор қоры жатыр екен. Әлденеше миллиард рубль сомасында табыс әкелетін сол кен орнын «Башқұрт сода компаниясы» деген кәсіпорын сатып алыпты.

Содан кейін бұған көнбестік білдірген жұрт республиканың әр түкпірінен ағылып келіп, шиханның төбесінде лагерь құрып жатып алады. Сондықтан 15 тамыз күні мұнда ОМОН келіп, наразыларды қуып шықпақшы болады. Екі жақтағы текетірестің соңында құқық қорғау органдарының сарбаздары арнайы құралдар қолданып, 70 адамды қамауға алады. Бірақ табиғатты қорғаушылар бұған тоқтап қалмайды, ертеңіне күш жинап қайтып келіп, төбешік басынан тәртіп сақшыларын қуып түсіреді.

Мұның соңы эко белсенділеріне республика басшысы Радий Хабировтың келіп, олармен келіссөз жүргізуіне ұласты.

«Бүгін БСК таудың басынан кетеді, сіздер де кетіңіздер. Мен сіздерге уәде берем, Куштау жөнінде әлдеқандай бір ымыралы шешім қабылданбай, оның басына ешкім де шықпайды», – деді Р. Хабиров..

Бұдан бөлек, аймақ басшысы Стерлитамак шихандары бойынша қоғамдық кеңес құру жөніндегі ұсынысқа қолдау білдіріп, эко белсенділерін ертең өтетін бірінші отырысқа шақырды.

Хабиров сондай-ақ тауды қорғаушылардың Куштау төбешігі басына «Сода» компаниясы қалдырып кеткен барлық тұрмыстық қалдықтарды өздері жинап алулары керек екені жөніндегі талапқа да келісті.

Аймақ басшысы сонымен бірге құқық қорғаушыларға шабуыл жасағандардың жауапқа тартылатындарын айтты. Осылайша 34 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Куштау шиханы – республиканың Ишимбай ауданындағы шағын тау, Башқұртстанда қалған үш шиханның бірі. Төртіншісі – Шахтауды «Башқұрт сода компаниясы» шикізат алу үшін толық құртып бітті. Белсенділер сондықтан қалған шихандарды сақтап қалуға күш салып жатыр.

Башқұртстандағы мұндай әк тауларының жасы, ғалымдардың бағалауы бойынша, 230-ден 300 миллионға дейін барады. Олар Пермь теңізі тартылғаннан кейін пайда болған. Бүгінде шихандар әдемі көркем орын ғана емес, Қызыл кітапқа кірген ондаған жан-жануарлар мен өсімдіктердің мекені болып қалған. Жер бетінде бұған ұқсас жерлер басқа ешқайда жоқ.

Таңбалар: куштау шиханы

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

  • Путин өзінің кортежіне пулемет орналасқан пикапты қостырып қойды 

  • Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist