14 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әзербайжан мен Армения атысты тоқтату жөнінде келісімге келді

10 Қазан 2020 10:32
- Жаңалықтар, Қоғам
Әзербайжан сатқындық кесірінен Қарабақты тез басып ала алмады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 10 қазан. Кеше кешке Мәскеуде кездескен Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату жөнінде өзара келісім жасасты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Мәлімдеме екі жақтың консультациясы қорытындысында жасалды. Қорытынды жайлы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жеткізді. Оның айтуынша, атыс 2020 жылғы 10 қазан күні сағат 12:00-де тоқтатылады. Мұның өзі екі жақтың тұтқындар алмасулары, басқа да қолға түсіп қалған тұлғаларды елдеріне қайтарулары үшін жасалып отыр.

Атысты тоқтату тәртібінің нақты параметрлері қосымша келісілген.

Мәтінде бұл құжаттың Ресей президенті Владимир Путиннің үндеуіне жауап ретінде Ресей, Армения және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының келісімдеріне сәйкес қабылданып отырғаны айтылған.

Бұдан бөлек, Әзербайжан мен Армения ОБСЕ-нің Минск тобы тең төрағаларының ара ағайындығымен Таулы Қарабақтағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуге тезірек қол жеткізу мақсатында субстантивті келіссөзді бастайды.

Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері жұма күні Таулы Қарабақ бойынша консультация жасасу үшін Мәскеуге ұшып келген еді. РФ, Әзербайжан және Армения сыртқы саясат ведомстволары басшыларының келіссөзі 10 сағаттан астам уақытқа созылды.

Осы күні, мұның алдында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз халқына үндеу арнады. Онда жеңімпаз Әзербайжан армиясының бірнеше елді мекенді басқыншылардан азат еткені айтылады. Бұлардың қатарында Гадрут кенті, Чайлы, Юхары Гюзлек, Горазыллы, Гышлаг, Гараджаллы, Эфендиляр, Сулейманлы, Сур ауылдары бар.

«Осы ауылдар мен Гадрут кентін жау қолынан азат ету – біздің тарихи жеңісіміз. Әзербайжан басып алынған жерлерін азат етеді. Майданнан күн сайын жағымды жаңалық келіп жатыр. Офицерлер мен солдаттар күн сайын өздерінің жауынгерлік тапсырмаларын абыроймен орындауда», – делінген бұдан ары.

Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы соғыс ең соңғы елді мекенді жаудан босатқанша тоқтатылмайтынын айтып отыр. Соғыс тоқтауы үшін армян әскерлері өздері бұған дейін басып алып, отыз жыл бойы бермей келе жатқан территориясын толық қайтаруы керек. Мұны олар осы жерлерден әскерлерін шығару кестесін жасап беру арқылы жүргізуге тиіс. Армения Таулы Қарабақтың Әзербайжан территориясы екенін мойындауы тиіс. Міне, осы жағдайда ғана Мәскеудегі келіссөз екі жақтың ұрыс қимылдарын толық тоқтатуына себеп болады.

Таңбалар: ильхам әлиевТаулы Қарабақ

Ұқсас мақалалар

Ильхам Әлиев Украинаны қолдап, оккупацияға еш төзбеуге шақырды (видео)
Жаңалықтар

Ильхам Әлиев Украинаны қолдап, оккупацияға еш төзбеуге шақырды (видео)

16.07.2026
Әлиев Ресейдің Украинадағы соғысына қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Әлиев Ресейдің Украинадағы соғысына қатысты мәлімдеме жасады

20.07.2025
Әлиев: Баку AZAL апатына орай халықаралық сотқа жүгінеді
Жаңалықтар

Әлиев: Баку AZAL апатына орай халықаралық сотқа жүгінеді

19.07.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist