10 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Атыраудың «Көптоғай» ауылында Ресеймен арада жер дауы шықты

18 Сәуір 2021 14:34
- Жаңалықтар, Қоғам
Атыраудың «Көптоғай» ауылында Ресеймен арада жер дауы шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АТЫРАУ. 18 сәуір. Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты «Көптоғай» ауылы төңірегінде 4 күннен бері жер дауы өршіп тұр. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

Құрманғазы ауданы бұрын Ганюшкино (Қанішкен) атанған. Оны Ресейдің Астрахань облысының Володар ауданынан Қиғаш деген өзен бөліп жатыр. Бұл – дауылпаз ақын Махамбеттің XIX ғасырдың ортасына қарай төккен «Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық» дейтін жырындағы Қиғаш. Ал айтылып отырған «Көптоғай» ауылы сол Қиғаштың бергі жағалауына қоныс тепкен. Жергілікті тұрғындарды кенет көтеріп кеткен дауға Ресей жағының 14 сәуір күні бергі бетке өтіп, шекаралық қоршау сала бастағаны себеп болған сияқты. Осының салдарынан Қиғаштың осы тұстағы арнасы түгелдей Ресейге қарап кеткен. Мұндай тосын әрекетке көптоғайлықтар өре қарсы тұрып, нарызылық білдіруге шықты.

«Бұған дейін шекаралық қоршау Қиғаш өзенінің саласы «Отыз бес» деп аталатын өзектің арғы тұсында болатын. Бұл өзек ауылға жақын орналасқан. Енді келіп ол қоршауды өзектің бергі жағына шығарып, ауылдың іргесінен бір шығарды. Ауыл тек малмен күнелтеді. Ауыз су сағатпен беріледі. Біз сол өзектің суын ауыз су ретінде де, малға да пайдаланатынбыз. Бұл шекаралық белгіні неге жылжытты. Соған түсінбей далмыз. Неге бізге алдын ала айтпайды. Біз енді қалай күнелтеміз, ауыз суды қайдан тасимыз, мал қайдан су ішеді? Малға да сенім жоқ, шекарадан өтіп кетсе, шекараны бұзу болып табыла ма? – дейді «Көптоғай» ауылының тұрғындары Есбол Қуанғалиев, Дамир Аймашев.

Ал мынау ресми хабарлама: «14 Құрманғазы ауданының «Көптоғай» ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары басталды деп» хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған «Қазақстан – Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі» бойынша екі ел арасындва шекара белдеуі орнатылуда. Ал демаркациялық жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Жаңа қоршауларды 2016 әскери бөлімі жүргізуде».

«Бұл жұмытар бұрын басталуы тиіс еді, әртүрлі себептермен жүргізілмей қалған. Біз халықпен шекара қоршауы жұмыстары жүрместен бір күн бұрын кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізгенбіз», – дейді Құрманғазы ауданы әкімі Марат Мурзиев.

Таңбалар: КөптоғайҚиғашРесейшекара

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist