13 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арменияның экс-президенті Пашинян жайлы айтарын айтты

10 Маусым 2021 20:15
- Жаңалықтар, Жаһан
Арменияның экс-президенті Пашинян жайлы айтарын айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 10 маусым. Арменияның үшінші президенті Серж Саргсян өзінің берген уәдесін орындап, Никол Пашинян жайлы ойларын жариялады. Бұл туралы News.am хабарлады.

Экс-президент Гегаркуник облысында болған кездесуінде осы жазбаны жария етті. Ол 8 маусым күні: «Ұзақ жылдар бойы жалған ақпарлар таратылып келді. Мен ол кезде президент болғандықтан, бұған мән бермеуім керек деп есептедім. Бірақ ол (Никол Пашинян – ред) мұны айтқан кезде ылғи сандырақтап кетеді. Оның «егер» деген сөзді ұдайы қалай пайдаланатынын көрдіңіздер. Мен моральдық жағынан азғындаған бұл мәкірүкке мен 24 сағат мерзім беремін: не ол бұл жайындағы фактілерін көрсетеді, не мен оның өзі жайлы, отбасысы жайлы жұрт естігенде бетіне түкіретіндей деректерді жайып саламын», – деп мәлімдеді.

Кездесу кезінде экс-президент 24 сағаттың өткенін, алайда, ешқандай фактілердің алға тартылмағанын айтты. «Менің мақсатым жылдар бойы өсек айтып, жала жабумен айналысатын адамдардың бұған ешқандай дәлелдері жоқ жай ғана жалғаншылар екенін айғақтау болды. Аталмыш мәселені ушықтыра түсу үшін мен өмірімде бірінші рет оның отбасысы туралы фактілер жариялайтынымды, бұдан кейін жұрттың оның бетіне түкіретінін айтып қорқыттым. Мені жақсы білетін адамдар Серж Саргсянның ешқашан отбасы мәселесіне тиіспейтінін де біледі. Және олардікі дұрыс та. Иә, менде баяғыдан алуан түрлі ақпарлар бар, бірақ мен ешқашан әлдекімнің отбасысы туралы әлдене айтқан емеспін, себебі, отбасы дегеннің не екенін, ондағы лас ішкиімдерді сыртқа шығарғанның қандай болатынын жақсы білемін. Бірақ бұл менің ол жөнінде берген өз уәдемді орындамайтынымды білдірмейді. Енді мен қолыма жақында түскен бір жазбаны жұрт назарына ұсынамын. Оны тыңдап болғаннан кейін сіздер бұл көргенсіз адамның образы жайында толық білесіздер», – деді экс-президент.

Ал жазбада Пашинян былай деп сөйлеп отыр: «Біздің алғашқы таныстығымыз менің 2018 жылғы 12 мамырда Сочиге барған кезімде болды, онда кездесу өтті. Сол жерде барып кофе ішетін жер болды. Сонда Путин, Назарбаев, Лукашенко келді, олар маған: «халық саған сенеді және т.т., қазір сенің Қарабақ мәселесін шешіп алатындай тарихи мүмкіндігің бар» деді. Мен олардан: «о кэй, қазір тарихи сәт келгенін түсінемін, бірақ шешу деген нені білдіреді?» деп сұрадым. Олар маған әлдеқалай бір жазылған «Лавров жоспары» деген туралы айтты, ол бойынша, Қарабақтан әзербайжан әскері артқа әкетіледі, ал біз қалып қоямыз, мұнда сол кезде шыбын да ұшып өтпейді екен. Мен алдымен оның мәртебесін анықтап алмасақ, бұл ешқандай да тақырып бола алмайтынын айттым. Сонда Путин, Назарбаев, Лукашенко бәрі қосылып: «Әлиев Қарабақтың осыдан бастап ешқашан Әзербайжанның құрамында бола алмайтынын түсінеді» деді. Мен жауап ретінде: «сіздер әлдеқандай керемет нәрсені айтып отырсыздар» дедім.

Мен сонда: «Енді осының бәрін қағазға салып көрейік, сонда қызықты тақырып өрбіп шыға келеді, мен мұның бәрін халыққа жеткізейін, «бізде осындай ұсыныс бар, бұл сіздерді қызықтыра ма, жоқ па» деп» дедім. Қорытындысында мен олардың өзімді конвейерге салып жібергілері келіп тұрғандарын түсіндім, өздері күліп қойып, ішіп отыр, ақыр аяғында шынында сәуір соғысы да басталып кетті. Мен сол кезде бірден өз міндетімді белгілеп алдым – маған қалайда мына конвейерден шығып кетіп, басқа жерге топ етіп табылу керек. Бұған барлық тәсілді пайдалана отырып – жынды, түйсіксіз болып көрініп, мына конвейерден шығып кету қажет. Ал жағдай барынша қауіпті еді. Өте-мөте қауіпті».

Серж Саргсян сөзін жалғай келіп, былай деді: «Түйін біреу ғана – бұл адам есуас емес, бұл адам өзін есуас етіп көрсетіп бағуда. Бұл – мемлекет басшысы үшін ешбір жол беруге болмайтын нәрсе».

Таңбалар: мәлімдемеНикол ПашинянСерж Саргсян

Ұқсас мақалалар

Пашинян: Армения енді Ресейді «стратегиялық серіктес» деп санамайды
Жаңалықтар

Пашинян: Армения енді Ресейді «стратегиялық серіктес» деп санамайды

27.08.2026
Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады

04.08.2026
Парасат парқындағы Пашинян
Көзқарас

Парасат парқындағы Пашинян

02.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

    «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist