6 Қыркүйек, 08:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арал ауданы шаруашылықтарына жем-шөп жеткізіліп жатыр

3 Маусым 2021 20:12
- Жаңалықтар, Тіршілік
Арал ауданы шаруашылықтарына жем-шөп жеткізіліп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 маусым. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасына сәйкес, Арал ауданындағы шаруашылықтарға жем-шөп жеткізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық ішкі саясат департаментінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

«Күні кеше ауданға 116 тонна жоңышқа шөбі апарылса, алдағы күндері 518 тонна мал азығы жіберіледі. Қазір Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы және аймақтағы аудандармен келісімдер жасалуда», – делінген хабарламада.

«Қыс-көктем мезгілдерінде қар мен жауын-шашын мөлшерінің аз болуына байланысты Арал ауданында қуаңшылық жағдайы орын алды. Мал саны мен мал азығының балансын ұстап тұру үшін аудандағы шаруашылық құрылымдары мал бастарын қысқарту бағытында жұмыс жасап жатыр. Ауыл тұрғындары, еріктілер және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылуда. Қосымша падамен қамтамасыз етілуде. Қазір мал өлімі жоқ», – деді Арал ауданы әкімінің орынбасар Еркін Әбішев.

Аймақ басшысының тапсырмасына сай, Арал ауданы шаруаларының мал азығы мәселесін шешудің жүйелі жоспары жасалды. Осылайша әр аптаның сенбі күні Арал ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, жем шөп нарық бағасынан 10-15 пайызға арзан бағада сатылып жатыр.

«Облыс шаруаларын мал азығымен қамту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мал шаруашылығы бойынша тауарөндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында өткен жылдан бастап «Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағытында субсидиялау басталды. Нәтижесінде облыстық бюджеттен 730,0 миллион теңге бөлініп, 588 шаруашылық мемлекеттік қаржыны иемденді. Оның 42-сі – аралдық шаруалар», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнұр Тілеулеева.

Қазіргі таңда ветеринария мамандары мен арнайы зертханашылар аудандағы елді мекендерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Өлген малдардан сынамалар алуда.

«Ауданда 8 ауылда малдардың өлу фактісі тіркелген. Зерделеу жүрігізіліп, сынама алынуда. Хаттама толтырып, барлығын тіркеудеміз. Зертхана мамандары 6 бас жылқыдан гастрофилез ауруына, 6 бас мүйізді ірі қарадан паренхиматозды ауруына талдамалар алды», – деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов.

Малдардан бөлек, аудан маңындағы дария мен суаттардан да сынама алынған. Сараптама қорытындысына сәйкес, төрт түліктің өлу фактісі неден орын алғаны анықталып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

Таңбалар: Арал ауданыжем-шөп

Ұқсас мақалалар

Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері өлтірілді
Жаңалықтар

Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері өлтірілді

01.09.2026
Арал ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті
Жаңалықтар

Арал ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

07.08.2026
Аралда әлеуметтік-инфрақұрылым нысандары жұмыс істеп тұр
Әлеумет

Аралда әлеуметтік-инфрақұрылым нысандары жұмыс істеп тұр

09.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist