ВАШИНГТОН. 15 сәуір. Құрама Штаттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ВОЗ) жарнапұл төлеп тұруды тоқтатты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Ақ үйде берген брифингінже COVID-19-дың тарап кетуіне осы ұйымның кінәлі болып отырғанына байланысты енді оны қаржыландырып отыруды қоятынын мәлімдеді. Ол әлемде коронавируспен ауырушылардың 20 есе көбейіп кетуінде ВОЗ-дың кінәсі бар деп есептейді.
«Мен бүгін әкімшілікке бұл ұйымның коронавирустың тарап кетуіне ықпал еткен нашар жұмыстарының рөлі мен мәліметтерді жасырудағы әрекеттеріне баға берілгенше оған жарна төлеуді тоқтата тұруды тапсырдым, – деді ол. – Жұрттың бәрі не болып жатқанын біледі. Американың салық төлеушілері ВОЗ-дың бюджетіне жылына $400-500 миллион көлемінде ақша аударып келеді. Салыстыру үшін айтайын, Қытайдың төлейтіні – небәрі $40 миллион».
«АҚШ бұл ұйымның басты демеушісі ретінде ВОЗ-дан жауапкершілік талап етуге тиіс. Оның ең басты қауіпті шешімі АҚШ-тың Қытай мен басқа да елдер арасындағы әуе қатынасына тыйым салғанын сынға алуы болды, – деп мәлімдеді президент. – Бақытымызға орай, біз олардың ВТО-сының (Дүниежүзілік сауда ұйымы) ұсыныстарын қабыл алмай, ұшу сапарларын алып тастадық, соның арқасында әлденеше мыңдаған адамдардың өмірлерін сақтап қалдық… ВОЗ-дың ұсынысын қабыл алып, шекараларын ашып тастаған басқа елдердің, атап айтқанда, Еуропаның қазіргі жағдайына қараңыздар».
«Вашингтон ВОЗ-дың реформалануын қалайды және бұл мәселені басқа елдермен бірге талқылауға ниетті, ол Американың қаржысын қалай пайдалану керектігін білуі керек», – дегенді қосты Трамп.
USD

