14 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚШ соты Рахимовты қарақшы деп танып отыр

21 Сәуір 2020 15:39
- Жаңалықтар, Құқық
АҚШ соты Рахимовты қарақшы деп танып отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 21 сәуір. Вашингтон соты Халықаралық бокс ассоциациясының (АИБА) бұрынғы президенті, Өзбекстаннан шыққан бизнесмен Гафур Рахимовтың өзін АҚШ қаржы министрлігінің санкциясынан босату туралы талап-арызын қанағаттандырған жоқ. Бұл туралы өзбектің CentralAsia агенттігі хабарлады.

Іс жүзінде бұл Гафур-Арсланбек Ахмедович Рахимовты әлемге белгілі бандиттер тізімінен шығармау болып табылады.

Мұны Америка сот жүйесінің электронды мәліметтер базасына дүйсенбі күні орналастырылған ресми құжаты толық айғақтайды.

Еске сала кетейік, АҚШ 2012 жылы Рахимовты бұрынғы КСРО аумағынан шыққан қарақшылардың «Братский круг» немесе «братки» болжалды қылмыстық ұйымының іс-әрекеттеріне тікелей қатысы бар тұлға ретіндегі күдікпен санкциялар тізіміне енгізген болатын. 2017 жылы АҚШ қаржы министрлігі Рахимовты криминалды авторитеттердің қылмыстық торына қаржылай қолдау көрсетуші ретінде айыптап, оның санкцияға кіру рәсімін өзгертті. Ал Рахимов бұл шешімді заңсыз әрі валюнтаристік жолмен қабылданған деп тауып, қаржы министрлігінің аргументтерін өзгерту жөнінде Америка сотына талап-арыз берген еді.

Енді, міне, соттың түпкілікті шешімі шығып отыр. «Сот талапкерге қойылған айыптың басынан дұрыс болғаны және оның аталмыш тәртіпте процедураны таласқа салуы табыспен аяқталуы мүмкін емес екені туралы қаулы қабылдады», – делінген сот шешімінде.

«Сот видеобайланыс бойынша қарап шыққан құпия мәліметтерде (қаржы министрлігінің) Рахимовтың қылмыстары (болжалды) мен «заңдағы ұрылар» қылмыстары арасында байланыс бар екені айғақталады. Ол сотқа аталмыш қорытындыны жоққа шығара алатын бірде-бір мәлімет ұсына алған жоқ, тек қана айғақты мәліметтердің (қаржы министрлігінің) жеткіліксіз екенін мәлімдеумен шектелді», – дейді сот шешімі.

Бұдан бұрын Гафур Рахимовтың Вашингтондағы және Лондондағы адвокаттарына «OFAC-тың арнайы тізімінен» өзін шығару мақсатында АҚШ қазынашылығының (OFAC)  шетел активтерін бақылау жөніндегі офисіне петиция беруді тапсырғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Гафур Рахимов Америка қаржы министрлігінің санкциясы тізіміне 2012 жылғы ақпанда кірген. Қаржы министрлігінің құжатында Рахимовтың «Өзбекстандағы Орталық Азияда есірткі өндіруге арнайы мамандандырылған қылмыстық ұйым лидерлерінің бірі болып табылатыны» ашық айтылады. Бірақ бұл айыптаулар әзірге қандай да бір сот шешімімен расталған жоқ. Рахимовтың өзі болса, мафияға қатысы бар екенін ұдайы жоққа шығарумен келеді.

Санкция АҚШ компанияларына Рахимовпен істес болуға тыйым салады.

Гафур Рахимов 2010 жылы Өзбекстаннан кетіп, бірнеше жыл бойы Біріккен Араб Әмірлігінде тұрды.

2013 жылы ақпанда Өзбекстанда Гафур Рахимовқа республика Қылмыстық кодексінің 165-бабы («Бопсалау»), 243-бабы («Қылмыстық іс-әрекетпен алынған табыстарды заңдастыру»), және 228-бабы («Жалған құжаттар, штамптар, мөрлер, бланктар жасап, оларды сату немесе пайдалану») бойынша айыптар тағылды. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Өзбекстан билігі басына Шавкат Мирзиёев келгеннен кейін, 2018 жылы елдің сыртқы істер министрлігі Рахимовтың іздестірілуші тұлғалар тізімінен шығарылғанын хабарлады. Сол жылдың жазында Гафур Рахимов Өзбекстанға қайтып оралды.

Негізі, Рахимовтың қылмыстық ортаға қатысы барлығы жөніндегі күдік бұл айтылып отырған уақыттардан көп бұрын көтерілген болатын. Атап айтқанда, 2000 жылдың қыркүйек айында Сидней Олимпиялық ойындары өтіп жатқан кезде Австралия үкіметі оған виза беруден үзілді-кесілді бас тартты. Ал кейін Рахимов мінген ұшақ Олимпиадаға келе жатқанда, оның Сидней әуежайына қонуына рұқсат етілмеді. Австралия премьер-министрі Джон Говард өзінің бас тартуын сонда бұл тұлғаның «Солнцево қылмыстық тобымен, халықаралық есірткі саудасымен, жемқорлармен және криминалды табыстарды қолма-қол ақшаға айналдырумен байланысы бар» екенінен шығарып отырғанын мәлімдеді.

Гафур Рахимов 2019 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде өткен АИБА конференциясында осы ұйымның басшысы болып сайланды. Бірақ арада екі ай өткесін, 2019 жылғы 23 наурызда Халықаралық олимпиялық комитеттің бұл басшысы болып отырған жағдайда боксты Олимпиялық ойындар бағдарламасынан шығарып тастайтынын мәлімдеп, ультиматум қойғаннан кейін отставкаға кетуге мәжбүр болған еді.

Таңбалар: гафур рахимов

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist