Ислам Каримовтың жиен немере қызы күйеуге шықты
ТАШКЕНТ. 16 сәуір. Өзбекстанның бұрынғы президенті, марқұм Ислам Каримовтың кіші қызынан туған жиені күйеуге шықты. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
«Үйлену тойы Лас-Вегаста екі жастың жақын туыстарының қатысуымен Лас-Вегаста өтті. Ресей блогері Амиран Сардаровтың қалыңдығы Өзбекстанның марқұм президентінің жиені – кіші мұрагері Лола Каримова-Тилляеваның қызы Мариам Тилляева болды», – деп жазды starhit.ru басылымы.
Хабарланғандай, Мариам Америкаға бұдан жеті жылға жуық уақыт бұрын, жасы 14-те кезінде қоныс аударып келген. Ал Амиранның Штаттарға келгеніне тым көп болмаған. Блогер өзі жазғандай, оны өз ісіне деген қанағатсыздық Мәскеуден кетуге мәжбүр еткен. Сонымен бірге жас жігіттің YouTube арнасында «Хачтың күнделігі» деген влогы, сондай-ақ миллиондаған табысы болған. 2020 жылы Лос-Анджелеске көшіп келген Амиран кең пәтер сатып алып, жаңа өмір бастаған.
Болашақ жұбайлар сол мезетте бір-бірімен таныс болды ма, жоқ па, – ол жағы белгісіз.
Ал бүгін мәнбе көздері Амиран мен Мариамның үйлену тойы Лас-Вегастағы кең банкет залында өткенін хабарлайды.
Мариам Амираннан 13 жас кіші екен. Отбасында одан бөлек, Умар деген інісі, Сафия деген сіңлісі бар.
Өткен жазда Лола Каримова-Тилляева мен оның күйеуі Тимур Тилляев Голливудтан бұдан алты жыл бұрын сатып алған үш үйін сатқандары жөнінде хабарлаған болатын. Сол кезде үйлердің әрбірі 6-дан 6,5 млн долларға дейінгі сомаға алынған еді.
Амиран Сардаров 1986 жылы 19 тамызда Мәскеуде туған. Бірақ балалық шағы Кавказда, әкесінің отанында өткен. Ұлты – курд. Алайда, діні мұсылман емес сияқты. Бала кезінде шіркеу мектебінде оқыған. Мына тойда да олардың некелерін шіркеу өкілдері Элвис Пресли образында келіп кескен.