АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Ғанибек Қазантаев Қызылорда қаласының әкімі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 сәуір. Президент әкімшілігінің және Қызылорда қалалық мәслихатының келісімімен, Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Ғанибек Қонысбекұлы Қазантаев Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы kzvesti.kz хабарлады.

Тағайындауға дейін ол мұнай-газ мемлекеттік инспекциясы аймақ аралық басқармасында істеген.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгін жаңа әкімді қала активіне таныстырды.

Ғанибек Қонысбекұлы Қазантаев 1960 жылы Қызылорда облысы Шиелі кентінде туған. Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мұнай және газ кен орындарын жасау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш ауданындағы №9 жылжымалы механикаландырылған колоннада мастер болып бастаған. 1983-1992 жылдары – Қызылорда облысындағы №3 аудан аралық арнайы жылжымалы механикаландырылған колоннада мастер, аға жұмыс өндіруші, құрылыс ұйымдарының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, 1992-2013 – «Қызылорда мұнайгазқұрылыс» корпорациясының президенті, «Ай-Дан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, «Ақмешіт» ССК» акционерлік қоғамының президенті, «Ай-Дан-Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, «Сырдариямұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Трансмұнайсервис» біріккен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Kazpetrol Group жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, 2013-2019 жылдары Сырдария ауданының әкімі болды, 2019 жылдан бері Энергетика министрлігіне Оңтүстік мұнай-газ мемлекеттік инспекциясы аймақ аралық басқармасынының басшысы қызметін атқарып келді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button