26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда «Қытай экспансиясына» қарсы митингі басталды

28 Наурыз 2021 09:06
- Әлеумет, Жаңалықтар
Алматыда «Қытай экспансиясына» қарсы митингі басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 28 наурыз. Кеше Алматыда күндізгі сағат 12-ден өте Шоқан Уәлиханов аланда «Қытай экспансиясына» қарсы митинг басталды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Митинг полицияның жан-жақтан тосқауыл қойғанына қарамастан өткізілген. Таңертең тәртіп сақшылары аталған аумақты қоршап, жақын маңдағы көшелерді. Оның барысында бірнеше белсендінің ұсталғаны да айғақ болды. Әдеттегідей интернет жаппай өшірілді.

Оқиға орнында болған «Азаттық» тілшісінің хабарлауынша, күндізгі сағат 12.30 шамасында митингіге шамамен 300-ге жуық адам жиналған. Наразылар Қазақстанда Қытай зауыттарының салынуына қарсылық білдірген.

«Қазақтың бүкіл байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Осыған мүмкіндік беріп отырған – бүгінгі Назарбаев-Тоқаев билігі. Біз Назарбаев билігіне қарсы тұрамыз. Қытай экспансиясына қарсы тұрамыз. Өйткені біз үндемесек, Қытайға жұтылып кетеміз. «Қонысыңда ұры тұтпа, өз-өзіңе бекем бол» деген сөз бар. Назарбаев билігі ата-бабамыздың бізге мұраға тастаған жерін сақтап қалу үшін ешқандай әрекет етіп жатқан жоқ. Керісінше, қытай зауыттарын кіргізіп, қатер шақырып тұр. Біз бұған жол бермейміз», – деді жиналғандар алдында сөйлеген белсенді Абзал Достияров.

Ол осы аптада басталған Жер комиссиясының жұмысын да сынады.

Orda.kz сайтының есептеуінше митингіге шамамен 200 адам қатысқан.

Жиналғандардың арасында «Демпартия» жақтастарымен қатар «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдайтындар да болды. Олар митинг кезінде Қазақстан шенеуніктеріне жеке санкция салуды сұраған плакаттар ұстап тұрды. Кейбірі «саяси тұтқындардың» суреті басылған плакаттар көтеріп, оларды босатуды талап етті.

Жанболат Мамай мінберде тұрып қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтан ұсталғандарды босатуды талап етті.

27 наурыздағы митингіге Қазақстанда ресми тіркеуден өтпеген екі ұйым – «Қазақстанның демократиялық партиясының» («Демпартия») жетекшісі Жанболат Мамай мен Қазақстан соты экстремистік деп танып, Еуроодақ бейбіт ұйым деп атаған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ)қозғалысының жетекшісі, қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов шақырған.

Сенбі күні полиция Астана мен Шымкентте бірнеше адамды «митингілер орнынан» ұстап әкеткен. Аумақтарды полиция қоршап, ары-бері өткен адамдарды тексерген.

Жанболат Мамай митингіге Қытай «экспансиясына» жол бермеу және несиені кешіру талабымен шығатынын айтқан. Кейінгі жылдары Қазақстанда Қытаймен ортақ жобаларға қарсы наразылық акциялары жиі өтіп келеді. Оған әдетте Қазақстан билігінің Қытай инвестициясын тарту бастамалары түрткі болады. 1 наурыз күні Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі 2023 жылға дейін Қытайдың қатысуымен 56 зауыт не кәсіпорын салынатынын, келісімнің жалпы құны 24,5 миллиард доллар екенін жеткізген.

Мұхтар Әблязов Еуропарламент қарарындағы ескертулерді орындауды талап ететінін мәлімдеген. 11 ақпан күні қабылданған қарарада Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалын сынға алып, 20 талап қойған. Олардың арасында «құқық қорғаушы белсенділерді, діни ұйымдарды, азаматтық қоғам ұйымдары мен кәсіподақтарды, журналистер мен саяси оппозициялық қозғалыстарды саяси себеппен қудалауды тоқтату, жұрттың саяси, діни және басқа да көзқарастарын еркін білдіруіне жағдай жасау, еркіндікті қамтамасыз ету үшін бейбіт жиындар туралы заңдарға өзгеріс енгізу» және саяси тұтқындарды дереу босату талаптары бар.

Таңбалар: АлматыҚытаймитинг

Ұқсас мақалалар

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist