Жаңалықтар жаңғырығыРуханият
Төмен қаласында тікелей эфирден қазақ ертегісі көрсетілді
ТӨМЕН. 8 қаңтар. Бүгін Ресейдің Төмен қаласында қазақ ертегілерінің мотивімен қойылған спектакль тікелей эфирден берілді. Бұл туралы «Тюменская область сегодня» басылымы хабарлады.
Қойылымды тікелей эфирден «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Строитель» ұлттық мәдениет сарайы тобы көрсетті.
Төмен облыстық мәдениет департаментіндегілер қазақ фольклорының түпнұсқалық ұлттық мотивтері жеті ғасырдан бері осындағы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, жеткізіліп келе жатқанын айтты.
Көрермендер қазақ ертегілер еліне саяхат жасай отырып, қазақ халқының ұлттық қаһармандары, жабайы аңдары мен айлакер адамдары жайлы аңыздарға қанықты.
Спектакльде басты қаһармандар Жиренше шешен мен Алдар көсе болды. Олар көрермендерге қатты ұнады.