26 Тамыз, 14:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүгін Алматыда рұқсат етілген митинг болып өтті

14 Қараша 2020 19:56
- Жаңалықтар, Қоғам
Бүгін Алматыда рұқсат етілген митинг болып өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 14 қараша. Алматы қаласында Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдында рұқсат етілген митинг болып өтті. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

Жиынға Демократиялық партия құруға талпынып жүрген саясаткер Жанболат Мамай мен Украинада тұратын журналист, Youtube желісіндегі «Бәсе» каналының авторы Айдос Садықов ұйытқы болды. Ұйымдастырушылар несиенің кешірілуін, жердің сатылмауын, саяси тұтқындардың босатылуын талап етіп, 10 қаңтарға белгіленген Парламент сайлауына бойкот жариялауға шақырды.

Митинг алдында оппозициялық «ДАТ» газетінің жетекшісі Ермұрат Бапидің ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар, Алматыдағы митингіге қатысуға тілек бідірген Жаңаөзен тұрғындарының қаладан шығуына тосқауыл қойылған.

«Азаттық» тілшісі митинг басталар сәтте жүздеген адамның жиналғанын баяндады. Біразы саяси тұтқындардың суретін көтеріп шыққан.

Сағат 12.00 уақытына белгіленген митингіні Жанболат Мамай бастап, биліктің құрбаны болды деген азаматтардың атын атады.

«Кеше, 12 қараша күні осыдан 15 жыл бұрын мына биліктің қолынан белгілі, көрнекті қоғам қайраткері, мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділов қаза тапты. «Өз-өзіне үш рет оқ атты» дейді. Өтірік қой, оған кім сенеді? Ол – биліктің қолынан қаза тапқан адам. Одан кейін үш ай өтпей жатып белгілі, көрнекті қоғам қайраткері, мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбаев пен оның серіктері қаза тапты. Одан кейін 2011 жылы Жаңаөзен қырғыны болды. «Полиция қызметкерлері автоматпен, пистолетпен бейбіт мұнайшыларды оқ атып қырып салды» деп айтуға болады. Одан кейін сол сотта шындықты айтқаны үшін жас жігіт Александр Боженко қайтыс болды. Пышақтап кетті көшеде. Ол да – биліктің құрбаны. Одан кейін былтыр астананың түрмесінде Дулат Ағаділ ажал құшты. Ол далада не үйде емес, түрмеде, полиция жауапты мемлекеттік мекемеде жан тапсырды. Яғни оның өліміне де билік кінәлі», – деді Мамай.

Жанболат Мамай түрмеде қайтыс болған белсенді марқұм Дулат Ағаділдің бірнеше күн бұрын қаза тапқан ұлы Жанболат Ағаділге тоқталып, әділ тергеуді талап етті. Осыдан кейін ол билік құрбаны деген азаматтардың құрметіне бір минуттық үнсіздік жариялады.

Үнсіздіктен кейін сөзін жалғастырған Мамай: «Біздің қойып отырған талаптарымыз анық. Бізге «Сендер Қырғызстандағыдай жасағыларың келе ме?», «Сендер Беларусьтегідей жасағыларың келе ме?» – дейді. Егер Қазақстанда саяси реформалар болмаса, егер біздің азаматтарымызды осылай үйінен шыққан кезде полиция тұтқындап, не болмаса полиция учаскесіне барып, өлтіріп тастап жатса, біз алаңға шықпағанда қайтеміз? Біздің сөзімізді парламент естігісі келмесе, үкімет естігісі келмесе, митингтерге шығарғысы келмесе, біз онда жаппай алаңға шығуымыз керек. Басқа амал жоқ», – деді.

Осыдан кейін ол митинг талаптарын кеңірек тарқатып, сөзді азаматтық белсенді Рысбек Тоқтасынға берілді.

«Өздеріңіз 30 жыл бойы көріп келе жатсыздар. Бір ғана Назарбаевтың билігі, міне, бізді осы күнге жеткізді. Міне, 10 қаңтар күні тағы сондай алдамшы сайлау болайын деп отыр. Біз бұл сайлауға бармаймыз. Себебі елге жылына 92 миллион теңге шығын келтіретін, ұйықтап отыратын депутаттар бізге керек емес. Бізге Парламентте жұмыс істейтін жастар керек. Біз алдағы бес жылда тағы сондай ұйықтап отыратын қарттарды көргіміз келмейді. Сол үшін біз бүгін саяси реформа жасауды талап етеміз. Саяси партиялар тіркелсін, сайлау туралы заңға өзгерістер енгізсін, біз соны талап етеміз. Билік 30 жыл бойы елдің бар байлығын ұрлап, тонап келді. Бір ғана Назарбаевтың отбасы, соның айналасындағы олигархтар ғана байып келді. Қалған қазақ кедейшілікте өмір сүріп жатыр», – деді Рысбек Тоқтасын.

Журналист Гүлжан Ерғалиева осыған дейінгі сайлаулардың әділ өтпегенін атап өтті.

«Билік қосановтардың көмегімен бүкіл елді алдап келді. 25 жыл бойында Қазақстанда бірде-бір таза, адал сайлау болған жоқ. Оппозицияға берілген дауысты ұрлап, демократияны әбден аяққа таптады. Ондай билікке ешқандай сенім жоқ. Енді не істейміз? Біріншіден, елдің бірлігі керек. Екіншіден, осы саяси заңдарды ауыстыру керек. Егер билік осыған көнбесе, алда болатын сайлауды ескіше өткізсе, сонда халық осындай өтірік сайлауға бойкот жариялауы тиіс», – деді ол.

Соңында Жанболат Мамай жиынның қарарын оқып, 16 желтоқсан күні 2011 жылғы «Жаңаөзен» және 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғаларының құрбандарын еске алу үшін тағы да митингі өткізетінін мәлімдеді.

Таңбалар: Алматымитинг

Ұқсас мақалалар

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026
Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті
Әлеумет

Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

20.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist