Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Армения әскерлері Келбаджар ауданын тастап шықты

МӘСКЕУ. 14 қараша. Кеше Армения қарулы күштері Әзербайжанның Келбаджар ауданынан кетті. Бұл туралы «Вестник Кавказа» хабарлады.

«Армян әскерлері өздері басып алған Әзербайжанның Келбаджар ауданын тастап шықты», – делінген хабарламада.

Әзербайжан, Армения және Ресей арасында 10 қараша күні жасалған үш жақты келісімге сәйкес, армян басқыншылары Әзербайжанның Келбаджар ауданын 15 қарашаға дейін босатуға тиіс болған.

Еске сала кетейік, РФ презмденті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9 қараша күні Қарабақтағы соғыс қимылдарын толық тоқтату жөнінде бірлескен мәлімдеме жариялаған болатын. Қол жеткен келісімге орай әзербайжан және армян тараптары әзірге өздері алып тұрған позицияларда қалуға, ал өңірге Ресей бітімгерлері келіп орналасуға тиісті болған. Сол сияқты Әзербайжан 15 қарашаға дейін Келбаджар ауданына, 20 қарашаға дейін Агдам ауданына, 1 желтоқсанға дейін Лачин ауданына қайта оралатын болып шешілген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button