Мұхаммед пайғамбарды мазақ қылған мұғалімнің басы алынды
ПАРИЖ. 17 қазан. Француз астанасының түбіндегі Конфлан-Сент-Онорин қаласында әлдекімдер тарих пәнінің мұғалімін бауыздап өлтіріп кетті. Бұл туралы «НТВ» телеарнасы хабарлады.
Бұған мектепте мұғалімнің сөз бостандығы туралы сабақ өтіп тұрып, Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын мысал ретінде көрсеткені себеп болған сияқты. Осыдан кейін оған бейтаныс біреулер бірнеше мәрте қоңырау шалып, айбат шеккен көрінеді.
Бұлары бекер болмады. Мұғалімге ақыры шабуыл жасалды. Олардың бірі өздері көздеген адамның тамағын орып жіберген. Оқиға болған жерге жедел жеткен полицейге қылмыс жасаушы қарсылық көрсеткен. Сол кезде құқық қорғаушы оны атып тастаған.
Мұғалімді бауыздап өлтірген 18 жастағы жігіт болып шықты. Ол Мәскеуде туған тегі шешен Абдулах Анзоров деген ұлан болып шықты. Осы оқиға бойынша ұсталған қалған төрт адам да кісі өлтіруші жігіттің туыстары екен. .
Ресей елшілері соңынан өлген жігіттің өз елдерінен келгенін растады.
Ал Франциядағы шешен диаспорасының өкілдері бұл қанды оқиғаны айыптады.
Франция президенті Эммануэль Макрон болған жайды террорға теңеді.
Қылмыстық істі Франция прокуратурасының террорға қарсы бөлімі жүргізіп жатыр