Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жан жары өмірден өтті
АЛМАТЫ. 6 қазан. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек ері, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірлік серігі Ажар Ілиясова 90 жасында дүниеден озды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Ажар Керешқызы Ілиясова 1930 жылы Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысында туған. Химия саласының белгілі маманы, ғылым докторы, профессор. Ол кезінде ел өнеркәсібінің өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер.
Ұлы жазушының музасына айналған Ажар апай шынында да тіршілігінде оның барлық жағдайын жасай білген қамқоры еді. Бір-бірімен жетпіс жылға жуық отасып, тату-тәтті өмір сүрген екі қарияның жолдары енді айырылып отыр.
Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Жазушылар одағы даңқты жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке көңіл қосын білдіру хатын жолдап, қайғыға ортақтастығын білдірді.
Жазушы өткен жылдың 22 қазаны күні 95 жасқа толған болатын.